Бизнесті дамыту қызметінің маманы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
868

   Конкурс туралы
Білім: Жоғары;
Сала бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл;
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
1. ҚТКФ өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер;
2. Қазақстан Республикасының теңіз көлік саласын дамытудың басым бағытын айқындайтын республикалық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік билік және басқару органдарының актілері мен қаулылары
3. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ нормативтік құжаттарының және сатып алу рәсімдерін регламенттейтін ҚТКФ ішкі құжаттарының талаптары;
4. Ағылшын тілі Business English upper intermediate level деңгейінен төмен емес;
5. Мемлекеттік тіл;
Функционалдық міндеттері:
1. Қызметтің жұмыс жоспарларына сәйкес белгіленген тапсырмалар мен жұмыстарды орындау бойынша шаралар қабылдау;
2. Жарнамалық және көрме қызметін ұйымдастыруға қатысу, ҚТКФ қолайлы имиджін қалыптастыру және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді жүргізу;
3. Бекітілген маркетингтік жоспарға, басшылықтың нұсқауларына сәйкес, сондай-ақ ҚТКФ нормативтік актілерінде көзделген іс-шаралар шеңберінде нарықтық зерттеулер кешенін жүзеге асыру, конференциялар мен форумдар нарығына мониторинг жүргізу; 4. PR, әлеуметтік желілер, сайт бөлігінде жұмыс жүргізу;
5. Бюджетті, жылдық/ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын қалыптастыру;
6. Қызметтік құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібін сақтау;
7. Оған берілген өкілеттіктер шегінде келіссөздер жүргізу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр