АО «НК «ҚТЖ» филиалы- "магистральдық желі Ақмола бөлімшесінің" Жанаесiль станциясының №13 қалпына келтіру поезының кран машинисінің көмекшісі (КЖК-1000 гр/п 125 тонна)

249274 - 262845
Акмолинское отделение магистральной сети Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) Кранның құрылымын, оған бекітілген кранның техникалық сипаттамалары мен пайдалану қағидаларын білуге;
2) бекітілген кранды техникалық жарамды күйде ұстайды, ақау анықталған кезде қалпына келтіру поезының басшылығына баяндайды, оларды жою шараларын дереу қабылдайды;
3) техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін, жөндеуаралық нормаларды білуге, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындай білуге тиіс;
4) жылжымалы құрамның түсу салдарын жоюға қатысады, түскен жылжымалы құрамды көтеру жөнінде ұсыныстар береді;
5) қалпына келтіру поезының техникасын мердігерлік-шарттық жұмыстарға тарту кезінде жұмыстарды орындауға қатысады;
6) жылжымалы құрамның түсу салдарын жоюға шыққан кезде (бекітілген Кранның қатысуынсыз) түсірілген жылжымалы құрамды көтеруге қатысады;
7) кранға бекітілген такелаж вагонындағы тазалықты, тәртіпті және өртке қарсы жағдайды бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта, мамандығы бойынша мамандандырылған оқу орталығында даярлау.
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)