"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Қостанай пайдалану вагон депосының техникалық бөлімінің 2 санатты Инженер-технологы - "Тасымалдау процесінің дирекциясы"
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылайды;
- өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар мен процестер технологиясына өзгерістер енгізеді, сондай-ақ өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарларын келісуге қатысады;
- өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына анықталған сәйкессіздіктер туралы басшылықты уақтылы хабардар етеді;
- өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйіне талдау жүргізеді, тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа да құжаттарды уақтылы өзектендіре отырып, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді бағалауды жүзеге асырады;
- НВЛ/НЛ деңгейін төмендету және НВЛ/НЛ төмендету бойынша тиімділікті арттыру мақсатында НВЛ/НЛ басқару жөніндегі сараптамалық комиссияларға қатысады, ТМЗ-ны НВЛ/НЛ-ге қайта жіктеуді жүзеге асырады;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік және электр қауіпсіздігі жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарында міндетті кәсіптік оқытуға жататын қызметкерлерді оқытуды бақылауды жүзеге асырады, құжаттаманы және есепке алуды жүргізеді;
- өтінімді жасауға және шарттарды орындауға қатысады: жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тексеру, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, жерге тұйықтау контурлары мен жарықтандыру желісінің кедергісін сынау, қазандықты қадағалау объектілерін арнайы тексеру, қауіптілігі жоғары объектілерді жөндеу бойынша;
- жабдықтар мен негізгі құралдар бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар және вагон жасау)
- Жұмыс тәжірибесі: инженер-технолог/Инженер/инженер-конструктор лауазымында кемінде 3 жыл 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр