«KTZ Express» АҚ Бухгалтерлік есеп және салық есебі департаменті салық есебі тобының бас менеджері (18 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғам бойынша КТС (ФНО 100.00) бойынша салық есептілігін белгіленген көлемде (ай сайын, тоқсан сайын және жылдық) тапсырады;
- Қоғам және Қоғамның еншілес ұйымдары бойынша КТС-қа қатысты ай сайынғы, тоқсандық және жылдық салық есептерін жасайды, тексереді және тапсырады, сондай-ақ ұсынылған КТС есептілігінің дұрыстығына талдау жүргізеді және оны «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына ұсынады;
- Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығын есептейді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сай Қоғамның есеп саясатын әзірлеу және оған өзгерістер енгізу үдерісіне қатысады;
- Жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік шеңберінде КТС мәселелері бойынша аудиторлық компаниялармен жұмыс жүргізеді;
- КТС бойынша бейрезиденттерге қатысты консультация береді, тексеру жүргізеді және есепке алуды жүзеге асырады;
- Есептілікті жасау барысында туындайтын мәселелерді өз құзыреті шегінде шешеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды салық есебінде уақтылы қолданады, растайтын сертификаттарды ұсынады;
- Салықтық есеп әдіснамасы бойынша ақпаратты қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелердің сұрауларына жауаптар дайындайды;
- Қоғамның Салықтық есеп саясатын әзірлейді және оның өзектілігін қамтамасыз етеді;
- Қоғамның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша жасалатын шарттарының қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкестігін тексереді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы; Салық және салық салу.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр