"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы (сметашы)

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
65

   Конкурс туралы

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы (сметашы)

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

Газ тарату желісін жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің негіздемесін тексеру.
Құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым озық технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысу.
Ұсынылған және тексерілген сметалар негізінде жұмыстың негізгі көлемін жасау.
Конкурстарды өткізу кезінде әлеуетті мердігерлерге ұсыну үшін объект туралы ақпаратты жинау және жинақтау.
Мердігерлік ұйымдарда әзірленген келіп түскен жобалау – сметалық құжаттаманың есебін жүргізу.
Тапсырыс берушінің атынан мердігерлік ұйымдар орындайтын газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды жаңғырту және күрделі жөндеу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын техникалық қадағалауды жүзеге асыру.
Жұмыс орнына шығу.
Орындалатын жұмыстардың қолданыстағы нормативтік құжаттамасының сапасы мен сәйкестігін тексеру.
Пайдаланылатын материалдар мен жабдықтар сапасының сәйкестігін тексеру.
Атқарушылық құжаттаманың нақты орындалған жұмыстарға сәйкестігін тексеру.
Объектіде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті құжаттаманың жүргізілуін және іс-шаралардың орындалуын бақылау.
Объектіні пайдалануға қабылдауға ұсыну үшін қажетті құжаттама жиынтығын дайындау.
Нақты орындалған жұмыстардың жобаның бастапқы спецификациясына сәйкестігін тексеру.
Орындалған жұмыстар актісіне бұрыштама қою, сәйкес келмеген жағдайда актілерді түзетуге және пысықтауға жіберу.
Қабылдау комиссиясына қатысу, объектіні пайдалануға қабылдау актілеріне бұрыштама қою.
Пайдалануға беру кезінде салынған газ құбырларын қолданыстағы газ желісіне қосу және газ құбырларына және газбен жабдықтау жүйелерінің басқа да объектілеріне газды жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру.
Газ тарату жүйесін жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарын орындау бойынша есепті дайындау.
Материалдық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, жоспарлау - экономикалық бөлімге және бухгалтерияға материалдық ресурстардың нақты шығындары бойынша есеп беру.
Мердігердің жобалау - сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша орындалған жұмыстарының актілерін тексеру және бұрыштама қою.
Газ тарату желісін жаңғырту және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау бойынша қорытынды есепті жасау.
Объектілерді және т.б. объектілерге қабылдау – беру актісін тиісті қызметтерге жасау.
Тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасында техникалық құжаттама, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру және орындау, сондай-ақ олардың арасындағы өзара есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру бойынша туындайтын барлық мәселелерді жедел шешу.
Құрылыс саласындағы қызметтер нарығының мониторингі.
Жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жеткізушілермен, құбырлармен, бекіту арматурасымен және басқа да материалдармен уақтылы шарт жасасу үшін материалдар дайындау, жеткізу шарттары мен мерзімдерін келісуге қатысу.
Мердігерлік ұйымдар орындайтын газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды жаңғырту және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру.
Газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша сатып алынған қызметтердің (құрылыс-монтаждау ұйымдары орындаған жұмыстардың) есебін жүргізу.

 Талаптар:

Білімі жоғары (техникалық) және инженерлік – техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
АВС-KZ сметалық бағдарламасында жұмыс тәжірибесі.
Ғимараттарды, құрылыстарды және тарату газ құбырларын салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі.

 

Қажетті қабілеттер

  • - Опыт разработки сметной и иной технической документации
  • - Пользователь сметных программ
  • *ответственность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)