«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының филиалының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі Астана ст. бастығының көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Ақау жағдайы бойынша есепке алуды, тергеп-тексеруді жүргізеді және дайындалған хаттамаларды ресімдейді поездық және маневрлік жұмыстарды бұзу бойынша материалдарды сақтайды, Вагон паркі зақымданған кезде қажетті материалдардың көшірмелерін уақтылы ұсынады
- Ай сайынғы, тоқсандық және жылдық талдауларды, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша есептер мен анықтамаларды жасайды.
- Станцияда қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өткізілетін барлық жедел кеңестерге қатысады, хаттама жүргізеді.
- Басшылық бұйрықтарға сәйкес поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша прафилактикалық және тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарларды әзірлейді және жасайды;
- СОБ құрылғыларының тұрақты жұмысы және олардың құрылғыларының жұмысындағы іркілістердің алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеумен байланыс жөніндегі ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияға қатысады.
- Жеделхаттарға, хаттарға, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша келіп түсетін до, НОДГП, құрылымдық бөлімшелерге нұсқамаларға уақтылы жауап береді
- Станция қызметкерлерінің өзінің лауазымдық міндеттерін, өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау жөніндегі нормалардың ережелерін орындауын кенеттен тексеруге қатысады;
- Комиссиялық айлық тексерулер жүргізуге қатысады және Ду-46 нысанындағы журналда актілердің сапалы ресімделуіне және анықталған кемшіліктердің уақтылы жойылуына бақылауды жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, станциялық/маневрлік диспетчер, сыныптан тыс станция бойынша кезекші, 1-2 сыныпты лауазымдарда кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар