"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" - "Атырау магистральдық желі бөлімшесі"филиалы Құлсары сигнал беру және байланыс дистанциясының 1 санатты техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі Инженер

417581 - 442397
Кульсаринская дистанция сигнализации и связи Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
19

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

 

Лауазымдық міндеттер:

  • ТАТБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жедел басшылық ету, ТҚ кестесін орындауын бақылау;
  • ТАТБ құрылғыларының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайларда олардың қауіпсіз жұмыс істеуін қалпына келтіруді ұйымдастыру, мұндай жағдайларды есепке алу;
  • ТАТБ құрылғыларын күтіп-ұстау нормаларынан анықталған ауытқулардың жойылуын бақылау;
  • Қолданыстағы ДЦ жүйелері арқылы отпелердегі автоматика құрылғыларының жұмысын бақылау;
  • НОДГП, ПЧ,ЭЧ диспетчерлік аппаратымен (ДНЦ, ДСП) және басқа да жедел қызметтермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары орнымен байланысты ұйымдастыруды бақылау;
  • Уақытша сөндірілген ТАТБ құрылғыларын іске қосылуын бақылау және есеп жүргізу,
  • Журналдарға деректерді еңгізу,  ШЧ басшылығының тапсырмасы бойынша жекелеген жұмыстар мен іс-шараларды бақылау;
  • Рельс тізбектерінің жәй-күйі ме күтіп ұстау бойынша ескертулерді түзетуді бақылау;
  • Поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес орталықтандырудан сөндірумен және сөндірмеумен байланысты ТАТБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша «толаскездерін» уйымдастырылуын және жүргізілуін бақылау;
  • Басшылар мен орындаушылар арасындағы технологиялық әрекеттестікті жұзеге асырады;
  •  Әр-түрлі деңгейдегі тексерулер, тексеріс, ревизиялар кезінде анықталған ескертулердің жойылуын бақылау.


Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 2 санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр