«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалы Ақтөбе жол дистанциясы өндірістік-техникалық бөлімінің (жол бойынша) жетекші инженері

441859 - 457396
Актобинская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
34

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • ФМУ-54 нысанының ай сайынғы есептерін (өндірістік учаске, цех) қабылдауға қатысады;
  • Жол дистанциясы бойынша негізгі құралдарды түгендеуге қатысады;
  • Жолдарды күрделі жөндеудің жылдық және перспективалық жоспарларын, темір жол өткелдерін және қызметтік-техникалық ғимараттарды күрделі жөндеудің жылдық жоспарларын қалыптастыруға қатысады;
  • Жол дистанциясы бойындағы негізгі  қорлардың жай-күйінің талдауын дайындауға қатысу;
  • Жол дистанциясы бойынша негізгі құралдарды түгендеуге қатысу;
  • Жол қондырмасы материалдарын жақсарту, пайдалану мерзімін ұзарту, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  • Пойыздар қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыруға және бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға бағытталған көктемгі және күзгі жолдарды тексеруді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестердің хаттамаларын жасауға қатысу;
  • АГО-1 және АГУ-4 нысандарының жылдық статистикалық есептерін жасауға, жол дистанциясының техникалық паспортын дайындауға қатысу;
  • Дистанциядағы жұмысшылардың шпал кітаптарына, рельс кітаптарына және трассада жатқан бағыттама бұрмаларды есепке алу кітабына өзгерістерді уақтылы енгізуін қадағалайды;
  • Жолдың қондырмасының материалдарының қозғалысының есебін жүргізеді;
  • Ай сайынғы есептерді дайындайды: ПО-2, ПО-4, ПО-13, ПО-14, ПО-15;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы. Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, көпірлермен көлік тонелдері) Көлік құрылысы; Көлік, көлік жабдықтарымен технологиялары ( көтеру және көлік шаруашылығы, жол машиналарымен жабдықтары).
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада  кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр