"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Павлодар станциясының бас механигі - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Автошаруашылық жұмысшылармен мақсаттық нұсқаулық жүргізеді; тұрақтағы, желідегі автомобильдер паркі жағдайын техникалық қадағалау,тексеру;
- Жөндеу жұмыстарын орындауға матиралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ғимараттар мен құрлыстардың жай-күйін,күтіп ұсталуын және жөндеуін техникалық қадағалау, автомобильдерге жөндеуаралық қызмет көрсетуді,оларды уақытылы және сапалы жөндеуді ұйымдастару, оның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыру жөнінде жұмыс ұйымдастыру;
- Автокөліктерді,агрегаттарды техникалық қызмет көрсету,автомобильдерге жөңдеу және техникалық қызмет бойынша жұмыспен басшылық етеді, автомобильдерді күрделі және ағымдағы жөндеу есебін жүргізеді, қызметкерлердің еңбекті қорғау ережелерімен нормаларын, техника қауіпсіздігі,өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды, авария,бұзылулар,сынулар, техникалық пайдалану және жол жүрісі қағидаларын бұзу себептерін анықтауға қатысады;
- Автомобильдерді жылдық техникалық байқауға дайындауды бақылайды және оны мемлекеттік автоиспекция органдарымен бірлесіп өткізеді, агрегаттар мен бөлшектердің,қоспалы бөлшектерді,матиралдық және энергетикалық ресурстарды тиімді қолдануды қадағалайды;
- Аз құнды инвертарды,негізгі құралдарды матиралдарды есептен шығару жөнінде комиссия жұмысына қатысады, жанармай матиралдарының үнемді жұмсауын қадағалайды,жіберілген артық шығын себептерін талтайды, оларды жою шараларын әзірлейді.
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі); орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы:
- жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі): Көлік, көліктік техника және технологиялар;
Тасымалдауды, козғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Жұк және коммерциялық жұмыс; Теміржол көлігіндегі көліктік логистика; - орта (техникалық және кәсіптік): Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- Жұмыс тәжірибесі:
- жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі): 3 жылдан кем емес
- орта (техникалық және кәсіптік): 4 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр