"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Сатып алуды өткізу департаменті (БҮК, ТКП, СО) тәсілімен ТЖҚ сатып алуды ұйымдастыру бойынша функционалдық бағыттағы менеджер (15 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Тәртіптің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, оның ішінде сатып алудың санатты стратегияларын іске асыру шеңберінде бұйрықтардың жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады, кейіннен мемлекеттік тілге аудара отырып және уәкілетті тұлғаға бекітуге ұсына отырып, оларды Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді;
- Тәртіптің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес ӨҮК іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманың жобаларын қалыптастырады, сондай-ақ оларды Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен келісуді қамтамасыз етеді;
- Сатып алу нысанасын, сатып алу рәсімдерін өткізу күні мен орнын көрсете отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыруды ұйымдастырады.Сатып алу нысанасын, сатып алу рәсімдерін өткізу күні мен орнын көрсете отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыруды ұйымдастырады; Тендерлік комиссия хатшысының міндеттерін атқарады және жүктелген функцияларды тиісті түрде орындайды, соның ішінде: әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін қарау; тендерлік комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру; отырыстарды өткізу үшін тендерлік комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету; өтінімдерді ашу, өтінімдерді алдын ала қарау хаттамаларын, рұқсат беру хаттамаларын, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамаларды, сондай-ақ тендерлік комиссия отырыстарының өзге де хаттамаларын дайындау және ресімдеу;
- Сатып алу құжаттамасын дайындайды және мынадай тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады: ашық тендер; екі кезеңді ашық тендер; төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып, ашық тендер; қатысуы шектеулі тендер; баға ұсыныстарын сұрату; төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып баға ұсыныстарын сұрату.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: экономика; менеджмент; қаржы; маркетинг; есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; құқықтану; көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар