сатып алулар жөніндегі инженер
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
- «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бөлімшелерін тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен (бұдан әрі мәтін бойынша - ТЖҚ) уақтылы қамтамасыз етеді. - ТЖҚ сатып алуға өтінімдерді келісуге қатысады. - Жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру кезінде: Тәртіп нормаларына сәйкес сатып алу тәсілін анықтайды; Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімін анықтайды; ТЖҚ жеткізу мерзімін анықтайды. - Сатып алу тобының басшысына сатып алу жоспарын сатып алу тәсілі, бағасы, сатып алу рәсімдерін жүргізу мерзімдері, ТЖҚ жеткізу мерзімдері бөлігінде түзету қажеттілігі туралы ақпарат береді. - Тауарлар нарығын зерттейді, жеткізушілерді іздеуді жүзеге асырады, сапасы, бағасы, уақтылы жеткізілуі, көлік шығындары және басқа да көрсеткіштер бойынша ұсынылатын ТЖК туралы ақпаратты жинайды. - Серіктестіктің бөлімшесінен (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес міндетті тіркеуден өткен ТЖҚ сатып алу бойынша баға/коммерциялық ұсынысты алады (ең аз саны екеуден кем болмауы тиіс). Мәлімделген маркетингтік бағалардың негізділігін бақылау мақсатында коммерциялық ұсыныстар бойынша ТЖҚ сатып алуларына бағалық талдау жүргізеді. - ТЖҚ сатып алуға тендерлік құжаттаманы және ТЖҚ тапсырыс беруші бөлімшемен бірге шарт жобасын дайындайды (Тәртіпке №5 қосымшаға сәйкес Тапсырыс берушінің бөлімшесінен қызметтік жазбаны, келісілген техникалық ерекшелікті және келісілген шарт жобасын алады), содан кейін оларды келісу үшін сатып алу тобының басшысына жібереді. Тендерлер өткізуге қатысады. - Ішкі бөлініске және сатып алу тобындағы міндеттерге сәйкес ТЖҚ сатып алу процесін орындайды және жүргізеді. Бұл ретте лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады. - Сатып алуды ұйымдастырушы бола отырып, Тәртіп нормаларына сәйкес сатып алу рәсімдерін жүргізеді, комиссия мүшелерінің хаттамаға (ашу, рұқсат беру, қорытындылар) уақтылы қол қоюын және бекітуін, сондай-ақ олардың жариялануын бақылайды. - Бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезінде тиісті өкімді дайындайды. Сатып алудың осы тәсілі қолданылған жағдайда, B-F-PS-30-004 сатып алуды басқару стандартының 4.1.14 тармағының талаптарына сәйкес тәуекелдер және комплаенс жөніндегі офицермен келісімнің болуын қадағалайды. - ТЖК сатып алуға арналған шарттарды ресімдеу және қызмет көрсету жөніндегі орындаушы болып табылады. Шарт жасасу кезінде Сатып алулар тәртібінде көрсетілген мерзімдерді сақтайды. Келісу комиссиясының құрамына тәуекелдер және комплаенс бойынша офицерді қосу міндетті болып табылады, сатып алу жөніндегі инженер: а) контрагенттің комплаенс-тексеруі туралы есепке; б) комплаенс-шарттардың болуына (өнім берушінің әдеп кодексі туралы, тапсырыс берушінің біржақты бас тарту құқығы туралы, комплаенс-тексеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бөлім, санкциялық ескертпе, контрагенттің сауалнамасы туралы) жауапты. - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ анықтаған ақпараттық жүйеге жасалған келісімшарттар бойынша ақпаратты уақытылы орналастырады. - сатып алу жеңімпазы танылғанға дейін және шартқа қол қойылғанға дейін, егер шарттың сомасы 50 мың АҚШ долларынан аспаса және егер контрагент резидент болса, сатып алу жөніндегі инженер комплаенс-тексеру жүргізеді. Тексеру жүргізілгеннен кейін сатып алу жөніндегі инженер комплаенс-тексеру нәтижелері туралы есепті тәуекелдер және комплаенс жөніндегі офицерге жібереді. - Тауарды жеткізу кезінде Тапсырыс берушіге, өндірісті дайындау және жабдықты пайдалану қызметінің басшысына, қоймашыға орын алған жеткізу туралы және келіп түскен тауарды қабылдауды жүргізу және кейіннен «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ға кірістеу қажеттілігі туралы хабарлайды. - Шарт орындаушысының өкілдері мен оның көлік құралдарын «ҮМЗ» АҚ, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС күзетілетін аумағына кіргізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды және оларды «ҮМЗ» АҚ қауіпсіздік бөлімшесіне тиісті өтінімді ресімдеу үшін кешенді қауіпсіздік жөніндегі менеджерге береді. - Комиссия құрамында қоймалардағы қалдықтарды талдау жұмыстарына қатысады, тапсырыс берушіге ТЖҚ қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды, «Үлбі – ЖБҚ» ЖШС қоймасына кіріске алу үшін құжаттар пакетін береді (өз құзыреті шегінде). ТЖҚ қоймаға кіріске алынғаннан кейін ТМҚ-ны өндіріске босатуға құжаттарды ресімдеуге қатысады. - Сатып алу тобы басшысының нұсқауы бойынша тауарларды түгендеу жөніндегі комиссияларға, менеджмент жүйесіне аудит жүргізуге қатысады. - Экономика жөніндегі директордың қызметіне беру үшін тапсырыс берушімен құжаттар пакетін (жүкқұжат/АВР, қол қойылған шарт және шарт талаптарына сәйкес басқа да құжаттар) келіседі. - ТЖҚ сатып алу процесінде дебиторлық, кредиторлық берешекті өтеуге қатысады. «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бөлімшелерімен бірлесіп, ТМҚ өтімсіз қорларына мониторинг жүргізіп, оларды төмендету бойынша шаралар қабылдайды. - Сатып алынатын өнімнің сапасы, шарттық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша жеткізушілермен іскерлік хат алмасуға қатысады, жеткізушілерге менеджмент жүйесінің талаптарын жеткізеді. - Өндірістік мәселелер бойынша сатып алу тобының басшысына есеп береді: өндірістерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, сондай-ақ басшылықтың ережелерімен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен анықталған басқа есепті құжаттаманы уақтылы ұсынады. - Жұмыстарды қалыпты орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толық еместігі туралы сатып алу тобының басшысын уақтылы хабардар етеді. - Тапсырмаларды орындауды регламенттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. - «Сатып алу» процесінің тиімділігін және жұмыс сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды талқылауға, әзірлеуге және іске асыруға қатысады. - Сатып алу тобының басшысы мен менеджмент жүйелері жөніндегі уәкілдің жолдаған құжаттамасымен уақтылы танысады. - Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. - Жоғары басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. - Өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. - «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жұмысшыларының еңбек тәртібі ережелерін сақтайды. - Құпиялылық режимі, рұқсат беру және объектіішілік режим, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік, еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын сақтайды. - Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті, жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. - Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде пайдаланылатын материалдық құндылықтардың «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС қоймасына берілгенге дейін сақталуын қамтамасыз етеді.Білім:
Жоғарғы техникалық немесе экономикалық/менеджментДағдылар:
ПЭЕМ және басқа да оргтехника құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру; 1С-да жұмыс істеу дағдылары: Кәсіпорын; Іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.Қосымша:
Жұмыс және демалыс режімі: - қалыпты еңбек жағдайында аптасына 40 (қырық) сағат , 5 күндік жұмыс аптасында 8.00-ден 17.00 дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Еңбек жағдайының сипаттамасы: – қалыпты еңбек жағдайлары; Даярлығы: - қазақстан республикасының еңбек кодексі; - экономика, менеджмент, еңбекті ұйымдастыру және төлеу негіздері; - менеджмент жүйелерінің негіздері; - құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; - сатып алу-сату, жеткізу шарттарының үлгілік нысандары, тиісті құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптар; - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің нормалары; - есепке алу мен есеп берудің қолданыстағы нысандары; - өз міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде кеден ісі және экспорттық-импорттық бақылау негіздері.Білетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
ВАХТА ЕМЕС_4-разрядты аппаратшы Уран өндірісінің "Р" цехы (25.02.2026 № 46-06-21/1359 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
12.03.2026 | 13
НЕ ВАХТА_Бериллий өндірісі, 4-6 разрядты отқа төтеп беруші (№51-01-22/1332 от 13.03.2025) - 1 ед. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
11.03.2026 | 3230
НЕ ВАХТА_Бериллий өндірісі. Санаты жоқ/ 2-санатты/1-санатты баптау және сынау жөніндегі техник (№ 51-01-22/5450 от 20.08.2025) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
11.03.2026 | 1372