Техникалық бақылау шебері

Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
14

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- бекітілген Сынама алу картасына сәйкес (ЦППР және геотехнологиялық полигон (бұдан әрі – ГТП)) сынама алуға, уранқұрамды материалдардың, химиялық реагенттердің және ионалмастырғыш шайырдың сынамаларын өңдеуге қатысу; - уранқұрамды материалдарды, химиялық реагенттерді және ионалмастырғыш шайырды қабылдау мен жөнелтудің сапасын бақылау, қабылдау, жөнелту және сақтау процесінде олардың шығынға ұшырауын уақтылы болдырмау; -қажет болған жағдайда дайын өнім партиясын (бұдан әрі – ДӨ) қалыптастыруға қатысу; қабылдау-тапсыру сынақтары (ПР, ТД және ЗОУ) үшін сынама алудың дұрыстығын бақылау; арбитраждық сынамаларды тіркеу және сақтау барысын бақылау; -ПР және қайтарымды ерітінділердің (бұдан әрі – ҚЕ) сынамаларын алудың дұрыстығын, сынама алғыштардың жұмысын бақылау, істен шыққан жағдайда ақауларды жою шараларын қабылдау және басшылыққа хабарлау; -күн сайын толтырылған журналдардың (қағаз және электрондық) бекітілген есептік құжаттама нысандарына және шарт талаптарына сәйкестігін тексеру; -уранқұрамды материалдарға, химиялық реагенттерге және ионалмастырғыш шайырға қатысты СТ НАК стандарттарының техникалық шарттары талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету; -өнім сапасын арттыру мәселелері бойынша өндірістік бөлімшелерге жәрдем көрсету; -өнім үлгілерін сынаққа дайындауға, деректерді өңдеуге қатысу; аяқталмаған өндірістегі (бұдан әрі – АӨ) ионалмастырғыш шайыр мен уран қалдықтарын, сондай-ақ химиялық реагенттерді есептен шығаруға қатысу; -ТД-ны аффинаж өндірісіне (бұдан әрі – АӨн) қайта өңдеуге қабылдау және жөнелтудің дұрыстығын, шығынөлшегіш көрсеткіштерін және талдау нәтижелерін жазуды бақылау; -АӨн-ге жөнелтілген ТД бойынша салыстырмалы кесте жүргізу; -уранды, химиялық реагенттерді және ионалмастырғыш шайырды бастапқы жедел есепке алу бойынша түгендеулер мен тексерулерге қатысу; -ай сайынғы ТО-25 нысанындағы техникалық есеп үшін жөнелтілген ТД бойынша деректер ұсыну; жөнелтілген ТД құрамындағы уран мөлшерін салыстыру актілеріне қатысу; -Қоғам/Кеніш басшылығына уранды дұрыс жедел есепке алу бойынша шынайы ақпарат ұсыну; -ТД көлемі бойынша айлық көрсеткіштерді үшінші тарап қайта өңдеушілермен пысықтау; -АӨ және жөнелтілетін ТД партиялары бойынша арбитраждық сынамаларды сақтауды ұйымдастыру; -ТД жөнелтілімін үшінші тарап қайта өңдеушілер арасында бөлу; -өз құзыреті шегінде ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге, өзектендіруге қатысу және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Білім:

Жоғары, техникалық

Дағдылар:

-

Қосымша:

-ақпаратты зерделеу және талдау; - жоспарлау дағдылары; -тез үйрену және дұрыс шешімді жедел қабылдай білу; -нәтижеге бағдарлану; -кәсібилік және өзін-өзі дамыту; -командада жұмыс істеу және коммуникация дағдылары; -өзгерістерді басқару; -есептер мен техникалық құжаттаманы әзірлей білу; -уранқұрамды материалдардың, химиялық реагенттердің және ионалмастырғыш шайырдың өндірістік есебін жүргізе білу.

Білетін тілдер:

Қазақ және/немесе орыс тілдерін еркін меңгеру.

Қажетті қабілеттер

  • -