"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный"Жолаушылар тасымалы бойынша өңірлік филиалының жабдықтау бөлімінің бастығы

от 472862
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Северный" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ТМҚ сатып алуды жүзеге асыру үшін баға ұсыныстарын және басқа да құжаттарды жинау бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ қоғамның ашық тендер өткізу жөніндегі ресми сайтында хабарландыруларды, баға ұсыныстарын орналастыру және сатып алу қағидаларына сәйкес олардың қорытындыларын шығару;  
  • ТМҚ сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша қаржыландыруға өтінімдерді ашық тендер жеңімпаздарымен, баға ұсыныстарын сұратумен және бір көзден алу тәсілімен келісу;
  • өз құзыреті шеңберінде Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен ынтымақтастық;
  • ТМҚ жеткізуге арналған шарттарды әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды, оны филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін шарттар бойынша ақпарат дайындайды;
  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелері бойынша ТМҚ бөлу;
  • поездар қозғалысына, еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына байланысты жұмыстардың бірінші кезектегі қамтамасыз етілуін ерекше бақылай отырып, Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен жабдықтау мәселелері бойынша хат алмасу жүргізу;
  • кредиторлық берешек, ТМҚ жеткізу көлемі, ТМҚ құрылымдық бөлімшелерінің өз қызмет аясы бойынша қамтамасыз етілуі бойынша филиал басшылығына анықтамалар беру;
  • өз құзыреті шеңберінде Филиалдағы қойма үй-жайларына жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізу;
  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынатын ТМҚ сатып алу туралы өтінімдерді жинауды, түзетуді жүзеге асыру;
  • материалдармен, тауарлармен, құралдармен және шаруашылық мүкәммалдармен қамтамасыз ету процесін ұйымдастыру;
  • шикізат және тауарлар қорларының жай-күйін бақылау;
  • материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жылдық жоспарына басшылық жасау;
  • бөлім қызметкерлерінің қойылған міндеттердің дұрыстығы мен уақтылы орындалуын бақылау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Экономика; менеджмент; Қаржы; маркетинг; Есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және / немесе теміржол тасымалы 
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы