«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» - «Қызылорда» ЖШС Шиелі агенттік пунктінің бастығы

от 380128
НОД-10 (Кызылординское отделение ГП) Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жүктерді жоспарлау және тасымалдау ережелері мен тарифтік нұсқаулықтарға сәйкес барлық жүк және коммерциялық операциялардың орындалуын басқарады.
  • Агенттік пункті қызметкерлерінен жұмыс орнында еңбек және өнімділік тәртібін, ішкі еңбек тәртібі мен жұмыс кестесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитарияны сақтауды талап етеді.
  • Филиалдың жергілікті актілерінде белгіленген мерзімде қызметтік құжаттарды қарайды және шешімдер қабылдайды және қажетті шараларды қабылдайды.
  • Нормативтік және жергілікті актілердің талаптарына сәйкес барлық жүк және коммерциялық жұмыстардың құжаттамасының дұрыстығын тексереді.
  • Вагондарды түсіру бойынша белгіленген жоспарларды, бір жүк операциясы кезінде вагондардың тұрып қалу нормаларын орындайды, вагондардың жеткізілуін немесе шығарылуын күту кезінде жүк операциялары кезінде жергілікті вагондардың ұзақ уақыт бойы бос тұруын болдырмайды.
  • Вагондардың жүк көтергіштігін барынша пайдалана отырып, тиеу жұмыстарын жүргізу арқылы жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары.
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыстар, Темір жол көлігіндегі көлік логистикасы.
  • Тәжірбиесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде бюро басшысы (жүк пен багажды іздеу бойынша), кеңсе (тауар) басшысы, жүк учаскесінің бастығы лауазымдарында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр