«KTZ Express» АҚ - «KTZE Оңтүстік» филиалы (Алматы қ.) техникалық бөлімінің бастығы
- Құрылған күні:
-
17.03.2026
- Берілген өтінім:
- 10
- Қаралған саны:
- 82
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиал қызметінің технологиялық процестерін олардың өндірістік міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан түгендеу жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік процестерді стандарттауға қатысады;
- Еңбекті қорғау жағдайына көктемгі және күзгі тексерулер жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, тексеру барысында анықталған ескертулердің жойылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Контейнерлерді жөндеу жоспарын қалыптастырады және контейнерлерді жөндеуге арналған материалдарды сатып алуға бақылау жүргізеді;
- Барлық негізгі құралдарды және олардың қозғалысын есепке алу, негізгі құралдарды белгіленген тәртіпке сәйкес баланстан балансқа беру және есептен шығару жұмыстарын ұйымдастырады;
- Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйіне, сондай-ақ олардың пайдалану сенімділігі мен тиімділігіне талдау жүргізеді;
- Филиалдың шығыстар жоспарларын қалыптастыру жұмыстарына қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Тасымалдау, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру; Машина жасау; Көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Автоматтандыру және басқару (теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы; Логистика; Стандарттау, сертификаттау және метрология және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр