Комплаенс-офицер

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
152

   Конкурс туралы

1) Комплаенс, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу процесін ұйымдастыру. Серіктестіктің стратегиясы мен бизнес моделін ескере отырып, реттеуші талаптарды және олардың әсер ету салдарын талдауды жүзеге асыру;

2) Серіктестіктің түйінді бизнес-процестеріне талдау жүргізуді және олардың комплаенс тәуекелдеріне бейімділігін бағалауды қамтамасыз ету. Серіктестіктің комплаенс бақылауларының және қалдық комплаенс тәуекелінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру. Комплаенс тәуекелдерді бағалау туралы есепті және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды қамтамасыз ету;

3) Жедел желіні/бастамашылық ақпараттандыру желісін құру немесе әкімшілендіру (өтініштерді қабылдау, тіркеу, қарауды/тергеуді ұйымдастыру, өтініштерді қарау мәртебесінің мониторингі, түзету іс-шараларын қабылдау, Байқау кеңесіне тұрақты есептілікті ұсыну, постерлерді тарату, Серіктестіктің веб-сайтына ақпаратты орналастыру және т.б. жолымен бастамашылық ақпараттандыру желісінің бар екендігі туралы хабардар болуды арттыру мақсатында тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыру, бастамашылық/құпия ақпараттандыру саясатын әзірлеу) үздік халықаралық практика;

4) Комплаенс стандарттары мен саясатын әзірлеу/өзектендіру (Іскерлік этика кодексін қоса алғанда, Серіктестік үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты, регламенттер мен рәсімдерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;

5) Серіктестікте Қор және ҚМГ орталықтандырып әзірлеген бақылау рәсімдерін, оның ішінде Қормен, ҚМГ-мен ынтымақтастықта үшінші тұлғалардың сенімділігін тексерудің орталықтандырылған жүйесін және Қор және ҚМГ-мен ынтымақтастықта бастамашылық ақпараттандырудың орталықтандырылған желісін қамтамасыз ету және енгізу;

6) Алынған шағымдар/өтініштер негізінде тергеулер бойынша, оның ішінде Серіктестік үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бастамашылық ақпараттандыру желісі бойынша жұмысты ұйымдастыру. Тексеру процесін толық аяқталғанға және түзету шараларын қабылдағанға дейін үйлестіру/

бұзушылықтарды жою немесе бизнес-процестерді өзгерту;

7) Серіктестік қызметкерлері мен басшылығы үшін комплаенс мәселелері бойынша оқыту, оның ішінде онлайн оқыту жүргізу процесін ұйымдастыру. Серіктестіктің қызметкерлері мен басшылығын ақпаратты ашу, мүдделер қақтығысын шешу мәселелері бойынша реттеуші талаптарды сақтау бөлігінде оқыту және консультация беру,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және т.б.;

8) ҚМГ тобы үшін ҚМГ әзірлеген стандарттар базасында Серіктестік комплаенс бойынша стандарттарды енгізуді және бекітуді қамтамасыз ету, Серіктестік қызметкерлері мен стейкхолдерлерінің бастамашылық ақпараттандыру желісінің бар екендігі туралы хабардар болуын арттыруды қамтамасыз ету, алынған өтініштер бойынша сұрау салуларды жіберу, комплаенс стандарттарын енгізу процесін үйлестіру;

9) Серіктестікте комплаенс мәселелері бойынша, оның ішінде ақпаратты ашу, мүдделер қақтығысын шешу мәселелері бойынша бақылау рәсімдерін енгізуді қамтамасыз ету;

10) Құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен, Қормен және ҚМГ-мен өзара іс-қимыл жасау (Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, үшінші тұлғаларға тексеру жүргізу үшін дерекқорларды пайдалану бойынша реттеуші органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қордың және ҚМГ-ның құрылымдық бөлімшелерімен комплаенс енгізу, тергеу жүргізу, есеп беру және т.б.);

11) жетекшілік ететін баптар бойынша бюджетті қалыптастыру, бюджеттің жетекшілік ететін бекітілген көрсеткіштерінің, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен күрделі салымдардың орындалуына мониторинг жүргізу. бюджеттің жетекшілік ететін баптары бойынша бюджет тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

12) бюджеттің жетекшілік ететін баптары бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру, оларды сатып алуды жүргізу үшін өтінімдер мен техникалық ерекшеліктерді дайындау, өнім берушілердің/орындаушылардың жеткізілген тауарлардағы/көрсетілген қызметтердегі жергілікті қамту бойынша есепті ұсынуын қамтамасыз ету;

13) қабылданған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ақы төлеуге, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға өтінімдер дайындау;

14) комплаенс саласында оқуға өтінімді қалыптастыру;

15) белгіленген қағидаларға сәйкес жетекшілік ететін және тапсырылатын мәселелер бойынша хаттарды, бұйрықтарды және өзге де шығыс құжаттамасын дайындауды қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Білімі: Бейінді салалардағы жоғары білім - құқықтану, экономика, қаржы немесе бизнес-функциямен байланысты басқа да аралас бағыт.
  • Сертификаты: Комплаенс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін және біліктілік емтиханын міндетті түрде тапсыруды көздейтін комплаенс саласындағы қолданыстағы кәсіби сертификаттар.
  • Магистр дәрежесі * мүмкіндігінше: Бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқықтану саласындағы магистр дәрежесінің болуы
  • Мамандық/кәсіп бойынша жұмыс тәжірибесі: Экономиканың ұқсас немесе ұқсас салаларында және/немесе Қордың/Қордың портфельдік компанияларында жұмыс істейтін, көлемі бойынша салыстырылатын компанияларда (персоналдың саны, активтері және т.б. бойынша) кемінде 5 (бес) жыл.
  • Комплаенс функциясын іске асырудағы жұмыс тәжірибесі: 

    «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс тобының функциясы бойынша Корпоративтік стандартта бар комплаенс бағдарламасының көптеген элементтерін жүзеге асыруды көздейтін комплаенс функциясын іске асыруда кемінде 3 (үш) жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа