Тотығу жөніндегі инженері
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.Міндеттері:
Зауыттың стационарлық жабдықтары мен құбыржолдары үшін коррозияны бақылау бойынша техникалық шарттарды, нормаларды, нұсқаулықтарды және басқа да басшылыққа алынатын материалдарды білу. Коррозиядан қорғау үшін қолданылатын жабдықтар мен материалдардың қасиеттері мен сипаттамаларын, материалдардың деградациясының негізгі механизмдерін (коррозия, металлургия) меңгеру. Инспекция жүргізу, сынақтар өткізу технологияларын, жабдықты тоқтатып және тоқтатпай орындалатын профилактикалық және болжамдық техникалық қызмет көрсету әдістерін қолдану арқылы жоспардан тыс тоқтап қалуларды азайту және экономикалық тиімділікті арттыру.
Негізгі тиімділік көрсеткіштерін бақылау және басқару (Meridium APM негізгі активтері, Honeywell Asset Sentinel жүйесінде жабдықтың нақты уақыт режиміндегі жағдайын мониторингтеу). Коррозияны бақылау жүйесін нақты уақыт режимінде сақтау (коррозиялық купондар, дашбордтар арқылы бақылау). Материалдардың құрамын дұрыс зерттеу үшін қажетті сараптамаларды жүргізу мақсатында материалдар зертханаларымен жұмыс істеу.
Талаптар:
Білімі (жоғары, мамандығы/біліктілігі): кәсіпорын қызметіне сәйкес жоғары білім (материалтану / органикалық заттардың химиялық технологиясы / бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы).
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл.
Коррозияны бақылау бойынша оқу сертификатының болуы.
Кәсіби білімдер мен дағдылар: жобалық құжаттамамен жұмыс істеу, мұнай өңдеу жабдықтарын пайдалану және жұмыс істеу қағидаларын білу, металтану негіздері мен коррозия теориясын меңгеру, сенімділік пен механикалық тұтастықтың негізгі әдістемелерін білу (RCA, ACA, FMECA, FMEA, RBI, NDT), жабдықтың сенімділігі мен қызмет көрсетуі бойынша деректерді жинау және алмасу. API 510, API 653, API 570, API 571, API 580, API 581 стандарттарын білу.
Агрессивті химиялық заттар мен жабдықтарға қатысты коррозиялық контурларды анықтай білу. Коррозияға қарсы механизмдерді және әлсірету шараларын (соның ішінде коррозия ингибиторларын қолдану арқылы) анықтау. Материалдардың деградациясының түпкі себептеріне талдау жүргізу.
Компьютерлік дағдылар және бағдарламалық қамтамасыз етуді білу: MS Word, Excel, PowerPoint, Adobe Acrobat, Meridium APM, IBM Maximo, AutoCAD.
Қажетті қабілеттер
- IBM Maximo
- - AutoCAD
- - Уверенный пользователь Microsoft Word, Microsoft Excel, Adobe Acrobat
- - MS Power Point – подготовка презентаций
- Meridium- APM
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Басқа
Ұқсас вакансиялар