Жезқазған желілік өндірістік басқармасының ЭСҚ қызметінің 2 санатты инженер-энергетигі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы Жезқазған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Бағынысты персоналдың жұмысын басқарады. Тапсырмалар береді және олардың орындалуын қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын сақтай отырып бақылайды;
- Өлшеу және сынақ жабдықтарының жұмысқа дайындығын тексереді. Техникалық тексеру жүргізеді, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тексереді және анықталған ақауларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
- Бөлімшенің электр жабдықтарының тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді, жұмыстар көлемінің ұйым стандартына және техникалық және өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;
- Бөлімшенің өндірістік және әкімшілік-шаруашылық нысандарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің сызбаларын әзірлеуге қатысады;
- Материалдық құндылықтарды сақтайды және ұтымды пайдаланады, электр жабдықтарының бар-жоғын және қозғалысын, ресурстардың келіп түсуі мен шығынын, электрмен жабдықтау жүйесінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есепке алады және есептілік үшін ЭВС қызметінің басшысына мәліметтер ұсынады;
- Өз бағыты бойынша қызметтің техникалық және есептік құжаттамасын жүргізеді. Бақылаушы органдар мен ішкі тексерулердің анықтаған бұзушылықтарын жояды және олардың нұсқамаларын уақытылы орындайды;
- Жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсаттар мен арнайы рұқсаттарды рәсімдейді, сондай-ақ ПЛА-ға сәйкес электрмен жабдықтау, жылу-, су жабдықтау және кәріз жүйелері объектілерінде авариялардың алдын алу немесе жою жұмыстарын орындайды;
- Бағынысты персоналды оқытуға өтінімдер жасау үшін қызмет басшысына мәліметтер ұсынады;
- Қызмет бағыты бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (ТОРО, КВиРР, ТРИД және т.б.) іске асырады;
- Бағыты бойынша ТОРО жылдық жоспар-кестесін қалыптастыру үшін мәліметтер ұсынады;
- Электрмен жабдықтау, су-, жылумен жабдықтау, кәріз, желдету және ауа баптау жүйелері бойынша өндірістік қажеттіліктерге арналған материалдарға, арнайы киімге және қосалқы бөлшектерге ай сайынғы және жылдық өтінімдер ұсынады;
- Электр жабдықтарына ақау актілерін жасайды, КВиРР жоспарын қалыптастыру, ақау ведомостарын жасау, ТМҚ және НҚ сатып алуға бюджеттік өтінімдер жасау үшін қажетті мәліметтерді, негіздемелерді және есептеулерді ұсынады;
- Өндірістік бағдарламаның жылдық жоспарын табиғи көрсеткіштерде қалыптастыру және ТМҚ сатып алуға өтінімдер жасау үшін қажетті мәліметтерді, негіздемелерді және есептеулерді ұсынады. Өндірістік бағдарламаны орындайды және есептік құжаттаманы жасау үшін мәліметтер береді;
- SAP ақпараттық жүйесінде жабдық бірліктерінің деректер базасын енгізу және түзету жұмыстарын жүргізеді, өз бағыты бойынша жедел құжаттаманы уақтылы жүргізеді;
- ЭВС объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңіне және күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне дайындау бойынша іс-шаралар жүргізеді;
- Резервтік және авариялық электрмен жабдықтау көздерінің жұмысқа қабілеттілігін тексереді;
- Су және жылумен жабдықтау, кәріз, желдету және ауа баптау жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеумен айналысатын бағынысты персоналдың жұмысын басқарады. Тапсырмалар береді және олардың орындалуын қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып бақылайды;
- Жылу-, су жабдықтау, кәріз, желдету және ауа баптау жүйелері жабдықтарының техникалық тұрғыдан дұрыс, қауіпсіз пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді, жұмыстар көлемінің ұйым стандартына және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- Материалдық құндылықтарды сақтайды және ұтымды пайдаланады, жылу жабдықтарының бар-жоғын және қозғалысын, ресурстардың шығынын есепке алады, су және жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жүргізеді және есеп беру үшін мәліметтерді ЭВС қызметінің басшысына ұсынады;
- Жылу-, су жабдықтау, кәріз, желдету және ауа баптау жүйелері жабдықтарын тексеру бойынша ақау актілерін жасайды, КВиРР жоспарын қалыптастыру, ақау ведомостарын жасау және ТМҚ мен НҚ сатып алуға бюджеттік өтінімдер үшін қажетті мәліметтер мен есептеулерді ұсынады;
- Қазандықтардың және ауа жылытқыштарының жұмысқа қабілеттілігін тексереді;
- Жылыту маусымына дайындық барысында қазандық жабдықтары мен жылу желілерін сынақтан өткізеді;
- Қызмет номенклатурасына сәйкес құжаттаманы жүргізеді;
- Өндірістік бақылаудың 1-деңгейін жүзеге асырады, бақылаушы органдардың нұсқамаларын орындауды, сондай-ақ магистральдық газ құбырының желілік бөлігі объектілерінде өндірістік бақылаудың 2 және 3-деңгейлері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Талаптары:
· Біліміне қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім· Мамандығы бойынш өндірістік ортада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Ұқсас вакансиялар
Жезқазған желілік өндірістік басқармасының ЭХҚ қызметінің 2 санатты ЭХҚ бойынша инженері
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Жезқазған қ.
03.04.2026 | 541
Жезқазған желілік-өндірістік басқармасының 2 санатты ИА және Б жөніндегі инженер
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Жезқазған қ.
17.03.2026 | 291
Машинист крана автомобильного РЭО Краснооктябрьского ЛПУ г. Актобе
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана ауданы
03.04.2026 | 2625