Есептеу және желілік инфрақұрылымды қолдау бөлімінің жетекші инженері

«ҚМГ- Құмкөл» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
327

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • Серверлік операциялық жүйелерді (Windows, Linux) әкімшілендіру және қолдау;
  • Exchange корпоративтік электрондық пошта серверлерін әкімшілендіру;
  • DNS, DHCP, NTP желілік қызметтерін қолдау;
  • Бірыңғай каталог қызметін басқару және қолдау;
  • Желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру және қызмет көрсету (виртуалды жеке желілерді басқару; қолдау көрсетілетін жабдықтар: маршрутизаторлар, коммутаторлар, желіаралық экрандар, модемдер);
  • Деректердің резервтік көшірмесін жасау және қалпына келтіру бағдарламалық қамтамасыз етулерін әкімшілендіру және қолдау;
  • Серверлер мен жұмыс станцияларын антивирустық қорғау бағдарламалық қамтамасыз етулерін әкімшілендіру және қолдау;
  • Серверлік жабдықтардың аппараттық платформаларын әкімшілендіру және қызмет көрсету;
  • Ортақ ресурстарға қолжетімділікті басқару.

Талаптар:

  • Windows Server 2008–2019 негізіндегі Active Directory жүйесін білу;
  • Желілік хаттамалар мен сервистерді білу;
  • Web-технологияларды білу;
  • Желіаралық экрандардың жұмыс істеу қағидаларын білу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптарды білу;
  • Өндірістік қызметте қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларды, жүйелік бағдарламалық құралдарды және ілеспе бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу саласындағы дағдылар;
  • Жүйелік әкімші деңгейінде Windows жүйесімен жұмыс істеу дағдылары (AD, Exchange, ISA, DNS және т.б.);
  • Желілік жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;
  • Серверлердің аппараттық платформаларын қызмет көрсету дағдылары.

Шарттар:

  • Медициналық сақтандыру;
  • Компания есебінен біліктілікті арттыру;
  • Жыл қорытындысы бойынша сыйақы;
  • Жалақы мөлшері әңгімелесу нәтижелері бойынша анықталады.