Президент (1 орын)

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
2192

   Конкурс туралы
Талаптар: 
  • Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ұйым бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек. «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болғаны лазым.
Білуі тиіс:
  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін;
  • Ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын;
  • Ұйымның өндірістік қуаттарын және кадрлық ресурстарын;
  • Нарықты – нарықтың сыртқы және ішкі жағдайларын (өзінің секторын және онымен өзара байланысты секторларды), бәсекелестерді, жеткізушілер мен тұтынушыларды, экономикалық индикаторлар жүйесін;
  • Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқаруды;
  • Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білуі керек.

Қажетті дағдылар:          
  • Персоналды басқара білуі керек;
  • Жұмысты жоспарлай білуі және мақсат қоя білуі керек;
  • Басым бағыттарды белгілеу, өкілеттіктерді бөлу және қарамағындағыларды ынталандыра білуі керек;
  • Іскерлік келіссөздерді жүргізе білуі керек, шарттарды жасасу тәртіптерін білуі керек, өз жұмысын жоспарлай білуі керек;
  • Іскерлік қарым-қатынас жасай білуі, көпшілік алдында сөйлей білуі, таныстырылымдарды (тұсаукесерлерді) өткізе білуі керек;
  • Пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерде жұмыс істей білуі керек.