«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- Басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау, ТЖК туралы Ережеге сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (ТЖК) жұмысын ұйымдастыру, оның жұмысына қатысу және ТЖК жұмысының нәтижелері бойынша түзету және сақтандыру әрекеттері жоспарларымен көзделген шаралардың орындалуын ұйымдастыру; басшылыққа жазатайым оқиға, апат, істен шығу, қызметкердің науқастану фактісі, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы уақытылы хабарлау, оның пікірінше адамдар өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін қауіпті және апатты жағдай туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа баяндай отырып, жұмысты дереу тоқтату, жазатайым оқиғаларға алғышарттар туралы ақпаратты жазатайым оқиғаға алғышарттарды тіркеу журналдарында тіркеу;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жаңа нұсқаулықтарды, жадынамаларды уақытылы және сапалы әзірлеуді және қолданыстағыларды қайта қарауды ұйымдастыру, жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту нұсқаулықтары мен бағдарламаларын әзірлеуде бөлімшелер мен қызметтер басшыларына әдістемелік көмек көрсету және оқытуды ұйымдастыру;
- өндірістік объектілерде еңбек жағдайларын шұғыл тексерулерді жүргізу, жұмыс істеушілердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда жекелеген учаскелерде, машиналарда, механизмдер мен станоктарда жұмыс істеуге тыйым салу. Қауіпсіздік ережелері мен нормаларының бұзушылықтарына жол берген жеке тұлғаларды жұмыстан шеттету (тиісті бөлімшелердің басшылары арқылы);
- Басқарма басшысының төрағалық етуімен Басқарма бөлімшелерінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау жай-күйі мәселелерін қарау бойынша (айда бір реттен кем емес) инженерлік-техникалық қызметкерлер жиналысын өткізуді ұйымдастыру;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау шаралары бойынша есептерді уақытылы және сапалы жасау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы кешенді шараларды (белгіленген формалар бойынша), Басқарма жұмысы туралы ақпарат, анықтамалар мен есептерді орындау;
- Басқарма мамандарымен бірлесіп, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, ЖҚҚ саласындағы тәуекелдерді анықтау мен бағалауды ұйымдастыру, жоғары тәуекелдерді төмендету, еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру бойынша шараларды әзірлеу;
- мамандар мен бөлімшелер басшыларынан қауіпсіздік және еңбекті қорғау білімдерін тексеру бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеру кестелерін жасау, комиссия жұмысына қатысу, тексерулер нәтижелерін ресімдеу;
- Басқарма жұмыскерлерімен қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ережелер мен нормалардың, стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың сақталуына, Қоғам шешімдерінің, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының, ТЖК жұмыс нәтижелері бойынша түзету және сақтандыру әрекеттері жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды заңнамамен белгіленген тәртіппен (арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларды қоспағанда) тексеруге қатысу, тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу, жазатайым оқиғалар себептерін талдау және оның негізінде мамандармен бірге олардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру. Тиісті ақпарат алған кезде Басқарма бөлімшелері қызметкерлерін, орын алған жазатайым оқиғалармен, ЖКО-мен таныстыру. Жазатайым оқиғалар, ЖКО туралы ақпараттық хабарламарға сәйкес шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
- Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар, өрттер, ЖКО туралы шұғыл және ресми хабарламаларды дайындау және ұсыну. Белгіленген мерзімде Басқармадағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттану жағдайы және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларына қаражаттың игерілуі туралы есептерді беру;
Талаптар:
- Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
-
кемінде 5 (бес) жыл
Шарттар:
- Мед страхование
- Ұжымдық шарт
Қажетті қабілеттер
- * Дисциплинированность и отв
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қауіпсіздік техникасы
Ұқсас вакансиялар
Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
10.04.2026 | 1536
Өнеркәсіптік бақылау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік инженерінің уақытша лауазымы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Қызметкер болмаған кезде
| Қостанай қ.
26.03.2026 | 1005
Инженер по охране труда и технике безопасности (сектор аутстаффинг)
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Тараз қ.
13.03.2026 | 1027