Директордың маркетинг бойынша орынбасары

«GPC Investment» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
96

   Конкурс туралы
2.1. LPG, пропан, бутан, күкірт және өзге де мұнай-газ-химия өнімдерін қоса алғанда, тауарлық өнімді өткізу бөлігінде серіктестіктің маркетингтік және коммерциялық саясатын нарықтық конъюнктураны, сұранысты, баға үрдістерін және бәсекелестік ортаны талдау негізінде әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыру.
2.2. Ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді өткізу стратегиясын қалыптастыруды қамтамасыз ету, сатудың басым бағыттарын, жаңа өткізу нарықтары мен сату арналарын айқындау.
2.3. Коммерциялық бағалау, келіссөздер жүргізуді және келісімшарттар жасасу бойынша ұсынымдар дайындауды қоса алғанда, серіктестік өнімін өткізу үшін трейдерлерді, сатып алушылар мен контрагенттерді таңдау процестерін ұйымдастыру және үйлестіру.
2.4. Жөнелту көлемін жоспарлауды, жеткізу кестелерін келісуді, сатып алу-сату және жеткізу шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды қоса алғанда, өнімді оффтейк ұйымдастыруға басшылық жасау.
2.5. Маршруттарды таңдауды, тасымалдаушылармен, экспедиторлармен, терминалдармен және өзге де логистикалық операторлармен өзара іс-қимылды қоса алғанда, өнімді (теміржол, автомобиль, теңіз және өзге де логистиканы) тасымалдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
2.6. Құрылымдық бөлімшелердің коммерциялық іске асыру, логистика, тасымалдау, құжат айналымы және экспорттық-импорттық операцияларды сүйемелдеу мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
2.7. LPG, пропан, бутан, күкірт және ілеспе өнімдердің халықаралық және аймақтық нарықтарына мониторинг жүргізу, баға индикаторларын, тасымалдау тарифтерін және нарықтық тәуекелдерді талдау.
2.8. Коммерциялық шарттарды, жеткізу келісімшарттарын, сауда келісімдерін, оффтейк келісімдерін және көлік экспедициясы шарттарын дайындауды, келісуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру.
2.9. Өнімді өндірудің, жөнелтудің және өткізудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасауға бейінді бөлімшелердің қатысуын қамтамасыз ету.
2.10. Жеткізу тізбегін оңтайландыру, логистиканың тиімділігін арттыру, көлік шығындарын азайту және өнімді сату кірістілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2.11. Өнімді өткізу және жеткізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, трейдерлермен, көлік компанияларымен, порттармен, терминалдармен және өзге де сыртқы контрагенттермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
2.12. Серіктестіктің клиенттері мен серіктестері туралы коммерциялық құпияны, құпия ақпаратты, келісімшарттық шарттарды және деректерді сенімді қорғауды қамтамасыз ету.
2.13. Маркетинг, коммерциялық сату, оффтейк және өнімді тасымалдау мәселелері бойынша жоспарлауды, бюджеттеуді және есептілікті басқару.
2.14. Трейдерлердің, сатып алушылардың, тасымалдаушылардың және өзге де контрагенттердің шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. 2.15. Компанияның нарықтық конъюнктурасы мен стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, сатылатын өнімге қатысты серіктестіктің баға саясатын әзірлеуге қатысу.
2.16. Бағынысты қызметкерлерді оқыту мен дамытуға басшылық жасау, олардың сауда, маркетинг, логистика және халықаралық сауда саласындағы біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
2.17. Тауар маркетингінің заманауи әдістерін, нарықты талдаудың цифрлық құралдарын және логистикалық тізбектерді басқару жүйелерін енгізуді қамтамасыз ету.
2.18. Серіктестік басшылығына коммерциялық стратегия, трейдерлерді таңдау, өткізу нарықтары, логистика және экспорттық бағыттар мәселелері бойынша кеңес беру.
2.19. LPG трейдингі, мұнай-газ-химия өнімдері, оффтейк-құрылымдар және тауарлық логистика саласындағы озық халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізу.
2.20. Басшылыққа өнімді өткізу және коммерциялық қызмет мәселелері бойынша есептілікті, талдамалық материалдарды, болжамдар мен ұсыныстарды уақтылы ұсыну.
Талаптар:
Мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика немесе аралас салаларда коммерцияландыру, маркетинг, трейдинг, логистика, стратегия немесе бизнесті дамыту саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
Ірі өндірістік, мұнай-газ, трейдингтік немесе холдингтік компаниялардағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесі; LPG, пропан, бутан, күкірт, оффтейк және экспорттық логистиканы жүзеге асырудағы практикалық тәжірибе міндетті артықшылық болып табылады; Трейдерлерді таңдау, коммерциялық келіссөздер жүргізу және жеткізу келісімшарттарын сүйемелдеу тәжірибесі;
Экономика, Менеджмент, Халықаралық сауда, логистика, мұнай-газ дела саласындағы жоғары білім немесе расталған коммерциялық тәжірибесі бар инженерлік-техникалық білім.

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)