Астана өндірістік филиалының Бас инженері

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
159

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын сізден конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің дұрыстығына ізденуші жауапты болады.

Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған жұмыс орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Сапа, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тәуекелдерді басқару салаларындағы мақсаттарды айқындайды және бекітеді, осы бағыттар бойынша құрылымдық бөлімшелердің жоспарларын әзірлеуді бақылайды, сондай-ақ АстПФ-ның сапа, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тәуекелдерді басқару салаларындағы саясаты мен мақсаттарын өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелер басшыларына жеткізеді.
  • Тапсырмаларды орындау кезінде бағынысты қызметкерлеріне нақты нұсқаулар мен түсіндірмелер береді, уақыт, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер басшылары арасында бөледі.
  • Қызметті жоспарлайды, АстПФ функциялары мен міндеттерін орындау бойынша тексеру жоспарлары мен жұмыс кестелерін әзірлейді.
  • Техникалық блок қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында техникалық мәселелерді қарайды.
  • Газбен жабдықтау жүйелерінің техникалық деңгейін арттыру мақсатында техникалық жарақтандыру саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асырады және жүргізеді.
  • Өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау үшін бөлінген инвестициялық қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
  • Өндірістің қажетті техникалық дайындық деңгейін және оның тұрақты өсуін, еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды, газ тұтынушыларына көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
  • Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын талдайды, оның ішінде тиісті сараптамаларды ұйымдастыру арқылы.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға келетін зиянды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлейді.
  • Заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды.
  • Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу жұмыстарын үйлестіреді, аварияларды оқшаулауға және олардың салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз етеді.
  • Газдандыру объектілерін салу кезінде техникалық бақылауды және техникалық қадағалауды жүзеге асырады, оларды пайдалануға қабылдау, қосу және газ жіберу жұмыстарын бақылайды;
  • Газ шаруашылығы объектілерін пайдалану, авариялық жағдайларды оқшаулау және жою, газбен үздіксіз әрі апатсыз қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды бақылайды;
  • Газбен жабдықтаудың белгіленген режимдерін, газ реттеу пункттеріндегі қысым параметрлерін сақтау, газ есебін жүргізу бойынша бақылау жасайды.
  • Нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылайды. Өндірістік объектілерге барған кезде еңбек жағдайларын жеке өзі тексереді.
  • Бағынысты құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмысты қауіпсіз жүргізуін қамтамасыз етеді;
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік деңгейін бақылауды жүзеге асырады;
  • Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелер басшыларын және олардың қызметкерлерін басқарады, олардың жұмысының нәтижелерін, еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылайды.
  • Қажетті мамандықтар мен біліктілігі бар қызметкерлерді тарту және ұстап қалу, кадрлық әлеуетті тиімді пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді.
  • Бағынысты құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  • Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аварияларды тергеуге қатысады, олардың алдын алу шараларын әзірлеуге қатысады және орындалуын бақылайды.
  • АстПФ-та анықталған сәйкессіздіктер бойынша түзету шараларын келіседі.
  • Газ саласын дамыту бағыттарын айқындайтын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілерімен, сондай-ақ қызметке қатысты өзге де ұйымдық-өкімдік құжаттармен және нормативтік материалдармен таныс болуы тиіс;
  • Техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын, ұйымның бейіні мен мамандануын, құрылымының ерекшеліктерін, өндірістік қуатын, өндіріс технологиясының негіздерін және құрылыс жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен технологияларын білуі тиіс.

Талаптар:

Білімі – жоғары экономикалық, техникалық немесе заңгерлік, сондай-ақ басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.

Бас инженер «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» курсы бойынша оқудан өткенін және білімін тексергенін растайтын сертификатқа, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін тексеру туралы куәлікке ие болуы тиіс.

Қажетті қабілеттер

  • Аккуратность, пунктуальность, целеустремленность, умение общаться с людьми, дисциплинированность
  • Ответсвенность, быстрая обучаемость, умение работать с большими объмами данных
  • *Адаптивные навыки: гибкость, способность к обучению и адаптации к изменениям

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)