"Кедентранссервис" АҚ Техникалық саясат және активтерді басқару департаментінің менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Темір жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бөлігінде пайдалану бюджетінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- темір жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- қоғамның пайдалану бюджетін қалыптастыруға, темір жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету шеңберінде талдау жүргізуге қатысады;
- сатып алуға өтінімдерді қалыптастыру бойынша материалдар жинауды және сатып алу және жабдықтау департаментіне темір жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бөлігінде жіберуді жүзеге асырады;
- темір жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бөлігіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: жерге орналастыру; кадастр; құрылыс; сәулет; экономика; менеджмент; мемлекеттік және жергілікті басқару; есеп және аудит; Бағалау; құқықтану; халықаралық құқық; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру; Машина жасау; көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Автоматтандыру және басқару (теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс); электр энергетикасы; логистика; Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр