«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Біршоғыр жол дистанциясы Жем (2 класс) станциясының №5 желілік учаскесінің жол шебері

501233 - 526481
Биршогырская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
20

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Барлық жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды аспаптық тексеруден өткізеді, соның ішінде ауыстыру механизмдерін, сондай-ақ жол енін шаблон және деңгей арқылы тексереді; барлық құрылыстарды, жер төсемін, жол құрылғыларын қарайды, бағыттамалы бұрманың металл бөліктерінің тозуын өлшейді;
  • Барлық жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды, соның ішінде ауыстыру механизмдері мен бағыттама арматурасын тексереді; жол енін шаблон және деңгей бойынша бақылайды; сондай-ақ жауын-шашын кезінде, көктемгі және нөсер сулар өткенде, топырақтың ісінуі мен шөгуі кезеңдерінде, төмен және жоғары температура жағдайларында, сондай-ақ қозғалыс жылдамдығы шектелген учаскелерде жолдың жай-күйін тексереді;
  • Белгіленген мерзімде жолдың үстіңгі құрылысын, бағыттамалы бұрмаларды, жер төсемін, жасанды құрылыстарды және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны төмендету бойынша жұмыстар жүргізеді, еңбек процесі кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасайды, сондай-ақ жұмысшылардың еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтауын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік), орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық;
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтергіш-көліктік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, көпірлер мен көлік тоннельдері);
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда – кемінде 1 жыл; орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда – кемінде 3 жыл; орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығы болған жағдайда – кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж