«KTZ Express» АҚ - «KTZE Оңтүстік» филиалы (Алматы қ.) логистика бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Контейнерлік, автомобильдік және мультимодальды тасымалдар бойынша оңтайлы және бәсекеге қабілетті көлік шешімдерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- CI CRM жүйесіндегі өтінімдер негізінде тасымалдардың өзіндік құнын жедел есептеуді қамтамасыз ету;
- «KTZ Express» АҚ және Филиалдың тасымалдау процесінде көлік шешімдерін қалыптастыру кезінде меншікті және тартылған көлік активтерін (контейнерлер, вагондар, фитингтік платформалар) белсенді пайдалануды қамтамасыз ету;
- Филиал клиенттеріне кешенді қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында және басқа елдерде қосымша және ілеспе көлік-экспедиторлық қызметтер бойынша шетелдік және қазақстандық қызмет көрсетушілермен келіссөздер ұйымдастыру және жүргізу;
- Көлік логистикасын қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша Филиал басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
- Көрсетілетін көлік-логистикалық қызметтердің сапасын арттыруға жәрдемдесу, жүк ағындарын ұлғайту және Компаниялар тобы инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру.
Біліктілік талаптары
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірбиесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Қосымша талаптар:
- Rail-Тариф, CI CRM жүйелерін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр