"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Қостанай" өндірістік қауіпсіздік және экология бөлімінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер-технологы

409129 - 423515
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
22

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын бұзу жағдайларын есепке алады, оларды жою бойынша іс-шаралар жасайды;
  • өндірістік жарақаттану, кәсіптік және өндірістік-шартты аурулар жағдайларын тергеуге қатысады, түпкі себептерді айқындайды, олардың туындау себептерін жоюға бағытталған түзету іс-әрекеттерін әзірлейді және келіседі, түзету іс-әрекеттерін талдайды және бағалайды;
  • өндірістік жарақаттануға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
  • жұмысқа жаңадан қабылданатындардың барлығымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама беру және кіріспе нұсқама жүргізу бағдарламаларын әзірлейді;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жай-күйінің, желдету жүйелерінің, жеке қорғану құралдарының жұмыс тиімділігінің сақталуы бойынша тексерулер жүргізеді, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді және айқындайды;
  • еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі филиалдың уәкілетті мемлекеттік органдармен, мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен оларға қажетті ақпарат пен белгіленген нысандағы есептілікті ұсынуда жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейініне кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр