Тауар кассирі ПАВЛОДАР ТАСЫМАЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫН ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Павлодар»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
тауар кассирлерінің бұйрықтарды, өкімдер мен нұсқауларды орындауын бақылайды, келіп түскен бұйрықтар мен нұсқауларды станция бастығының, филиал директорының назарына уақтылы жеткізеді;филиалдың кірістерін жоғалтуға немесе поездар қозғалысы қауіпсіздігіне ықтимал қатер төндіруге әкеп соқтырған тасымалдау құжаттарын ресімдеудегі бұзушылықтар жағдайларын тергейді;
тексеру ескертулері кітабында (ГУ-75 нысаны) көрсетілген ескертулерді уақтылы жою шараларын қабылдайды;
тиеуге және түсіруге келетін, сондай-ақ кірме жолдардағы шетелдік көлік құралдарын уақытша әкелу, кедендік транзит мерзімін бақылайды, кеден органдарын уақтылы хабардар етеді;
ҚР СТ ISO 9001-2016 "Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар", ISO 45001-2019, "Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі", ҚР СТ ISO 50001-2019 "Энергетикалық менеджмент жүйесі". Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық", ҚР СТ ISO 14001-2016 "Экологиялық менеджмент жүйесі".
Қосымша талаптар:
Білімі: жоғары, орта (техникалық және кәсіптік)Мамандығы: Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс
Жұмыс тәжірибесі: жоғары - 2 жылдан кем емес, оның ішінде 1 жыл жүк және багажды қабылдаушы-тапсырушы, поездарды қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы (СТО), орта (техникалық және кәсіптік) - 3 жылдан кем емес, оның ішінде 1 жыл жүк және багажды қабылдаушы-тапсырушы, поездарды қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы (СТО) лауазымында Ц).
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж