Шар айналым депо кезекшісінің көмекшісі

328286 - 347796
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
21

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Сменаға кіріскен кезде танысу керек: пойыз жұмысының тәуліктіқ жоспарымен, маневрлік жұмыстың жоспарымен, барлық локомотивтердің бар-жоқтығы және жағдайымен, сервистік және техникалық қызмет көрсету түрлерімен, локомотивтердің жөндеуден шығарылу графигімен немесе жоспарымен, жабдықтау құралдарының, стрелкалық ауыстырып қосқыштардың жағдайымен, жаңадан түскен бұйрықтармен және нұсқаулармен.Локомотивтерді шығару алдында жеке өзі немесе сменаның қызметкерлері арқылы олардың ақаулығы жоқтығына, сондай-ақ құрал-сайманның, сигналдық заттардың, жарықтандыру құрылғыларының, АЛСН және радиобайланыстың, өртке қарсы инвентарьдің, толық жабдықталған отынмен, салқындатқыш сұйықтықпен, құммен, маймен, тежегіш аяққаптармен болуына көз жеткізу. Форма ТУ-152 журналында көрсетілген әрбір ақаулық жағдайы бойынша локомотивтің дұрыс ұсталмауына кінәлілерге нақты шаралар қолдану; журналдың сақталуын қамтамасыз ету.Кезекшілік кезінде машинисттердің жолда жүру кезінде анықталған Қазақстан темір жолдарындағы Пойыздар қозғалысының техникалық пайдалану ережелерін, Сигнализация нұсқаулығын және Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс нұсқаулығын бұзушылықтар туралы, сондай-ақ теміржол құрылыстары мен құрылғыларының ақаулықтары туралы енгізілген жазбаларды тексеру. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы депо басшылығына, тиісті шаруашылық бірлігінің бастығына және жолдың жауапты қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен дереу хабарлау.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе орта кәсіптік).                                                                                                                                                                                                      Мамандық саласы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы).,Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.                                                                                                                                                                                               Жұмыс тәжірибесі мамандық бойынша немесе нақты лауазым бойынша кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

Пойыздық және маневрлік-шаруашылық жұмыстарында локомотивтерді пайдалану графигін дәл жүргізуді сақтау, ай сайын бір-біріне және сменалық-тәуліктіқ есеп бойынша депо бастығына немесе оның орынбасарына әр локомотивті пайдалану туралы есеп беру.Локомотивтік және пойыз диспетчерімен бірлесіп локомотивтерді пойыздардан жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулерге беру мерзімін бақылауды жүзеге асыру және уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету. Сменалық-тәуліктіқ локомотивтер жоспарын ұстау мүмкін болмаған жағдайда кез келген уақытта депо бастығына немесе оның орынбасарына жағдай туралы дереу хабарлау.Пойыз диспетчері немесе станция дежурныйлары арқылы пойыздардың тоқтауы және оның себептері туралы мәліметтер алу. Локомотивтердің тоқтауын немесе оларды реттеуді ТУ-1 үстел журналында тіркеу және сменалық есепте депо басшылығына баяндау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру