"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қызылорда желі бөлімшесі" филиалының Қызылорда сигнал беру және байланыс дистанциясының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері

401 129 - 423 515
Кызылординская дистанция сигнализации и связи Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
204

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын анықтауға өтінімдерді уақытылы дайындау.
  • Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылау органдарының нұсқауларын тексеруді және оларды орындау бойынша. шараларды дистанция басшыларының қабылдауын қамтамасыз ету.
  • Атмосфераға шығындыларға рұқсат алу.
  • Мемлекеттік статистикалық есептіліктің белгіленген нысандары бойынша есептерді жасау үшін қажетті құжаттаманы жүргізу (2-ТП ауа, 4-ОС).
  • Дистанцияда қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуын бақылау.
  • Өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру.
  • Дистанцияда қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • Қоршаған ортаны қорғау аспектілері мен қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу және қайта қарау (бұдан әрі – ЭҚБ).
  • Дистанция бойынша  өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу журналдарының жүргізу.
  • Жалпы мекеме бойынша қалдықтарды инвентаризациялаудың жылдық есебін дайындау.
  • Дистанция  объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың (ПЭК) мониторингі бойынша тоқсан сайынғы есепті жасау.
  • Экологиялық қауіпсіздік» ИСПБ модуліне сызықтық бірліктердің есеп беру деректерін енгізу.
  • Дистанция бойынша отын мен энергия шығындарына мнегізделген қоршаған ортаны ластау төлемдерін есептеу.
  • Экологиялық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақмола филиалының Астана пайдалану локомотив депосының Атбасар станциясы электровоз машинисінің көмекшісі
ТЧЭ-11 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Ақмола облысы
23.04.2026 |  0
268 726 - 268 726
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Жаңаарқа пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-15 пайдалану цехының Жезқазған станциясының жылдамдық өлшегіш ленталарын транскрипциялау жөніндегі 2-санатты инженері
ТЧЭ-15 Жана-Аркинское эксплуатационное локомотивное депо 2 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды облысы
23.04.2026 |  0
306 493 - 317 284
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақмола филиалының Астана пайдалану локомотив депосының Атбасар станциясында локомотив машинисінің көмекшісі
ТЧЭ-11 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Ақмола облысы
23.04.2026 |  15
248 046 - 248 046