"Жолаушылар тасымалы "АҚ"Оңтүстік" Жолаушылар тасымалы бойынша өңірлік филиалының кірістерді есепке алу бөлімінің 1 санатты бухгалтері
- Құрылған күні:
-
16.04.2026
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 105
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың билет және багаж кассаларынан келіп түскен Есептер "Жергілікті кірістер және өзге де түсімдер туралы" Т. А. Ә-7 есебін пысықтау;
- филиалдың билет және багаж кассалары бойынша жұмсалған МД 4,3 түбіртектерін бақылау және есепке алуды жүргізу;
- тиісті бағандар (баптар)бойынша сомаларды бөле отырып, ФДУ-4 ф. "жергілікті кірістер мен өзге де түсімдер жинағын" жасау;
- түбіртек талондарының саны МД4, 3., станцияның кірісі, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем бойынша түскен сомалар, есептеулерді өтеу, тарифтік төлемдер, жалдау ақысы, кемшіліктер, салымдар, төлем тапсырмасынан түскен сомалардың қалдығы. "Жинақтау" қоғамның "экономика және тасымалдау үшін есеп айырысу" департаментіне беріледі;
- "Экспресс"АБЖ бағдарламасына енгізу үшін филиалдың жолаушылар есептілігін бақылау секторына (ЕДШ) белгіленген мерзімде ұсына отырып, қол технологиясы бойынша ресімделгендерді брондау, резервтеу үшін алынатын жергілікті кірістер бойынша ақшалай сомаларды пысықтау. Оларды Филиалдың билет кассаларының ФО-8 кассалық есептерінің сомаларымен салыстыру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Есеп және аудит, Қаржы; Экономика
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр