Өндірістік техникалық қызметтің 2 санатты инженер-энергетигі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Филиалдың барлық объектілерінде электр қондырғылары мен электр жабдықтарын техникалық пайдалану қағидалары талаптарының сақталуына «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларына» және «Қазақстан Республикасындағы энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес жедел бақылау жүргізеді;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде электр-, жылу-, сумен жабдықтау және кәріз, желдету және ауаны баптау жүйелері мен жабдықтары бойынша ТОРО кестелері мен КВиРР жоспарларына сәйкес іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды;
- Жаңадан енгізілетін электр-, жылу-, сумен жабдықтау және кәріз, желдету және ауаны баптау жүйелері бойынша жобалық шешімдер мен техникалық құжаттаманы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес тексереді және келіседі, сондай-ақ монтаждау, реттеу және сынақ жұмыстарын қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады;
- Апаттық-қалпына келтіру қорларының нормаларын әзірлейді, аталған қорларды толықтыруға арналған өтінімдерді қарайды және ПТС басшысының келісуіне ұсынады;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі ЭВС қызметтерінің жабдықтары мен жүйелерінің техникалық жай-күйіне, пайдалануына және жөнделуіне қатысты көшпелі тексерулер жүргізеді;
- Ағымдағы пайдалану процесінде жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету үшін ТОРО жоспарларына, күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне дайындыққа, көктемгі су тасқыны кезеңіне, сондай-ақ жабдықтар мен желілердің жарамды күйін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға сәйкес жабдықтар мен материалдарға (РЭН, АВЗ, отын және ЖЖМ, құрал-саймандар, пайдалануға арналған қосалқы материалдар, химиялық реагенттер және т.б.) қажеттілікті түзетеді, келіседі;
- Негізгі және қосалқы жабдықтар мен желілердің пайдаланылуын ұйымдастырады;
- ТОРО модулінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оны уақтылы өзектендіреді;
- Жабдықтарды пайдалану барысында туындайтын жоспарлар мен іс-шаралар жобаларын (күзгі-қысқы пайдалану кезеңі, көктемгі су тасқыны, әртүрлі өндірістік жағдайлар және энергия-су жабдықтау бөлігіндегі жабдықтар мен желілерді пайдалануға тікелей байланысты мәселелер) қарайды, түзетеді және келіседі;
- Пайдаланылатын жабдықтар мен желілер бойынша паспорттардың, журналдардың, сызбалардың және схемалардың уақтылы әзірленуін және жүргізілуін бақылайды.
Талаптар:
- Білімі: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
- Жұмыс өтілі: инженер-энергетик лауазымында кемінде 3 жыл.
Шарт:
-
Үміткердің нақты тұрғылықты жері — Шымкент қаласы немесе Түркістан облысының жақын аудандары, жұмыс орнына күнделікті келу мүмкіндігімен.
Ұқсас вакансиялар
Күрделі құрылыс және жөндеу бөлімінің жобалау-сметалық жұмыс жөніндегі 1 санатты инженері
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
08.04.2026 | 1384
Хатшы-референт
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
08.04.2026 | 2767
4-разрядты желілік құбыр жүргізушісі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қызылорда» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Қызылорда қ.
23.04.2026 | 1343