«Құқықтық қамтамасыз ету және тұрақты даму» департаментінің директор

«Qazaq Green Power PLC» қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
433

   Конкурс туралы

Міндеттер

  • Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметін құқықтық сүйемелдеу, оның ішінде Компанияның инвестициялық мәмілелері мен жобаларын сүйемелдеу, сондай-ақ жобаларды құрылымдау және қаржыландыру;
  • Құқықтық талдау жүргізу және құқықтық тәуекелдерді бағалау;
  • Инвестициялық жобалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, серіктестік келісімдерге және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
  • Корпоративтік, шарттық және инвестициялық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу;

Талаптар

  • Жоғары заңгерлік білім. LLM / құқық саласындағы магистратура / MBA – артықшылық болып табылады;
  • Инвестициялық, қаржылық құқық немесе жобаларды құрылымдау және қаржыландыру (project finance) саласындағы қосымша кәсіби сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады;
  • Мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі. Басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі; немесе халықаралық заң фирмасында тиісті функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда senior деңгейдегі позицияларда кемінде 7 (жеті) жыл жұмыс тәжірибесі, басқару тәжірибесі (команданы басқару және/немесе қызметкерлердің жұмысын үйлестіруді қоса алғанда) расталған болуы тиіс;
  • Қосымша: инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу бойынша расталған тәжірибе, жобаларды қаржыландыруды құқықтық сүйемелдеу тәжірибесі артықшылық болып табылады;
  • Қазақстан Республикасының корпоративтік, инвестициялық, азаматтық және шарттық құқық саласындағы заңнамасын білу;
  • Күрделі мәмілелерді құрылымдау, шарттарды дайындау және сараптау, құқықтық тәуекелдерді бағалау, инвестициялық жобаларды және қаржыландыруды сүйемелдеу дағдылары;
  • Мемлекеттік органдармен, инвесторлармен, кеңесшілермен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, ағылшын тілі – кемінде Upper-Intermediate деңгейінде;
  • АХҚО сертификаттарының болуы және АХҚО қызметінің қағидаттарын түсіну құпталады.