Сұрыптау дөңесінің операторы Маңғыстау стансасы
- Құрылған күні:
-
18.04.2026
- Берілген өтінім:
- 10
- Қаралған саны:
- 133
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан, станса басшылығынан ауысымға арналған жұмыс жоспарынан өту. Жұмысқа келе алмаған жағдайда, станса басшылығына кемінде 12 сағат бұрын хабарлау керек. Кезекшілікке кіріскен кезде жүк пойыздарын қалыптастыру жоспарына, бос вагон ағынының бағытына қатысты жедел бұйрықтармен және нұсқаулармен танысу. Сұрыптау жолдарындағы вагондардың болуы мен орналасуын үздіксіз нөмерлік есепке алады. Жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтайды. Құрамды тарату кезінде вагон нөмерлерін параққа олар сұрыптау паркінің жолдарына түсірілген реттілікпен енгізу. Жинақтау парағында әр вагон туралы келесі деректрді көрсету: жүктің салмағы, роликті подшипниктердің болуы, ерекше белгілер (негабаратиттілік, ВМ жүгі, жолсерік, жеткізу мерзімі және т.б.). Әрбір сұрыптау жолы бойынша вагондар жинақталған сайын олардың санын және салмағын, осьтері мен құрамның ұзындығын өспелі қорытындылармен есептеу. Құрамның дайындығы туралы сұрыптау дөңесінің кезекшісіне баяндау. Пойызды дөңеске шығарған кезде таратуды, ағытуды, тіркеуді жүргізу. Дөңес арқылы және стансаның тақ мойыны арқылы ағытуға, тіркеуге және өзінің қалыптастыру пойыздарына тексеріс жүргізу. Смена тапсырар алдында сұрыптау паркінің 18 ші жолындағы вагондарды есептен шығару. Сұрыптау жолдарындағы ұзақ тұрып қалған вагондарға есеп жүргізу. Ауыр салмақты және ұзын құрамды пойыздардың талаптарын орындау. Смена тапсырмай жұмыс орынын, станса аймағын жеке мақсатпен тастап кетпеу. Қызметтік міндеттерін орындау барысында жұмыс формасымен жүруі қажет және қызметтік куәлігі болуы тиіс. Жұмысқа бара жатқанда және келе жатқанда жеке қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Түнгі ауысым жұмысынан шыққаннан кейін станса бастығына есеп беруге барады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі)
- Саласы бойынша мамандығы: Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі)
- Жұмыс өтілі: жұмыс өтілінсіз.
- орташа (техникалық және кәсіптік)
- Жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалыспен басқару (саласы бойынша); Теміржол көлігінде қозғалыспен басқару және тасымалдауды ұйымдастыру.
- 2 жылдан кем емес келесі қызметтерде : пойыз құрастырушысы, пойыз құрастырушының көмекшісі, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші
- орта
- 3 жылдан кем емес келесі қызметтерде: пойыз құрастырушысы, пойыз құрастырушының көмекшісі, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші
Қосымша талаптар:
2 жылда 1 рет аттестациядан өту - техникалық нормативтік акт біліміне тексерістен өту.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар