Мотовоз машинистә (көмекші)
Шымкентская дистанция пути Шымкент қ.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың және басқа да нормативтік актілердің талаптарын білу және дәл орындау.
- Белгіленген тәртіп бойынша рейс алдындағы медициналық тексеруден өту және қозғалыс қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өту.
- Адамдарды тасымалдауға, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орнына жеткізуге арналған машинаны басқару.
- Пайдалану жұмыстарын жүргізу, қызмет көрсетілетін учаске шегінде маневрлік жұмыстарды орындау.
- Жүк тиеу-түсіру жұмыстары кезінде кран қондырғыларын басқару.
- Тіркемелі платформада жүктің дұрыс тиелуін, орналастырылуын және бекітілуін бақылау.
- ССПС-ты және оның жабдықтарын жарамды күйде күтіп ұстау және қызмет көрсету.
- Машиналардың, көтергіш, электрлік және гидравликалық жабдықтардың, тежегіш жүйесінің, қоректендіру және майлау жүйелерінің, жүріс бөліктері мен үйкелетін бөлшектердің ақауларын жою, сондай-ақ дизельді және отын бактарын толтыру.
- Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына қатысу.
- Аралықта жүрген кезде басқару кабинасын тастап кетпеу.
- Отынды, энергетикалық ресурстарды және басқа материалдарды үнемді пайдалану, сондай-ақ құрал-саймандар мен жеке қорғаныс құралдарын жарамды күйде ұстау.
- Ауысым аяқталғаннан кейін машинист, машинист көмекшісі және дрезина жүргізушісі қозғалтқышты өшіруге, машинаны шаң мен кірден тазалауға, ылғал бөлгіштерден конденсатты төгуге міндетті. Машинадан кетер алдында қол тежегішімен тоқтатып, кабинаны құлыптап, екі жағынан тежеуіш башмактарын қою қажет.
- Қозғалыс қауіпсіздігін ПТЭ талаптарына, сондай-ақ басқа да ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес қамтамасыз ету.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім