Жаңаесіл электрмен жабдықтау дистанциясы Жаңаесіл стансасының жөндеу -бақылау телімінің электр механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
АПП, ПСК және тартқыш қосалқы станциялардың құрылғыларын ағымдағы ұстау мен жөндеуді уақтылы жүргізуді жоспарлау және орындау; ұстау эстетикасын қамтамасыз ету. АПП, ПСК және тартқыш қосалқы станция құрылғыларын күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Қауіпсіз еңбек жағдайларына кепілдік беретін барлық іс-шараларды орындау және қамтамасыз ету. Тартқыш қосалқы станцияларды, АПП, ПСК ұстау қағидаларына сәйкес жабдықтың жай-күйін бақылау. Қорғаныс және өртке қарсы құралдар мен аспаптардың жай-күйін, олардың уақтылы жөнделуін және сыналуын бақылау. Жабдықтың белгіленген қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.Жүк көтергіш крандармен, тельферлермен жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне және алмалы-салмалы жүк қармайтын айлабұйымдар мен ыдыстарды жарамды күйде ұстауға бақылауды жүзеге асыруБіліктілік талаптары:
Теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; электр энергетикасы; автоматтандыру және басқару; салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу. Жоғары біліммен жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай, арнаулы орта білімі кемінде 2 жыл.Қосымша талаптар:
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде поездар қозғалысының кестесін бұзуға әкеп соққан дұрыс емес әрекеттер немесе әрекетсіздіктер нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты болады.РРУ персоналын тартқыш қосалқы станциядағы, АПП және ПСК-дағы зақымдарды тез жою әдістеріне оқыту. Өзі орындайды және қызметкерлердің өндірістік еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, Өндірістік санитарияның қауіпсіздік техникасын сақтауын қадағалайдыҚажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)