ЖШС «ҚТЖ-Жүк тасымалы»-«Ақтөбе» филиалының Ақтөбе агенттік пунктінің (1 санатты) техник-технологы

278 571 - 294 110
НОД-11 (Актобинское отделение ГП) Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
76

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

•    Қызметкерлердің нақты жұмыс уақытын табельдік есепке алуды жүргізеді, уақытша еңбекке жарамсыздық парағынан, кезекті және кезектен тыс демалыстардан шыққаннан кейін жұмысқа уақтылы келуді ұйымдастырады;
•    Табельге белгілер қояды, қызметкерлерді қабылдау (ауыстыру, босату, демалыс беру және т.б.) ресімдеумен байланысты өзгерістерді жүйелі түрде енгізеді;
•    Қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын, науқастарға күтім жасау туралы анықтамаларды және жұмыста болмауын растайтын басқа да құжаттарды ГП бөліміне уақтылы тапсыруды ұйымдастырады;
•    Нақты өтелген уақыт, артық жұмыс сағаттары және т.б. туралы мәліметтері бар табельді белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қағаз түрінде және SAP бағдарламасы арқылы жібереді;
•    Хронометраждық бақылаулар өткізуді ұйымдастырады;
•    Жолаушы және жүк пойыздарының кешігуі бойынша хаттамалар жасайды, айдың қорытындысы бойынша есеп жасайды;
•    Ауысымдық жоспар графиктерді, нарядтарды, вагондарды беру және алып кетуге өтінімдерді, станция ережелерін тігеді;
•    Станция қызметкерлерінің жұмысқа келу графигі бойынша жұмысқа келу кітабын толтырады және оны техникалық кабинетте қалдырады;
•    Нөмірленген және жіппен тігілген кітаптарды, бланкілерді жұмыс орындарына береді;
•    Қызметкерлер саны туралы есеп ұсынады;
•    Келесі айға Ақтөбе 1, Ақтөбе 2 станциялары қызметкерлерінің жұмысқа шығу графигін іліп қояды;
•    Қызметкерлерге кезеңдік медициналық тексеруден өту үшін медициналық анықтамаларды уақтылы беруді ұйымдастырады;
•    Станция қызметкерлерінің кезеңдік медициналық тексерулерден графигі бойынша өтуін жүйелі түрде тексереді;
•    Станция қызметкерлерінің кезекті еңбек демалысына графигі бойынша шығуын ұйымдастырады

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж