Экономика және қаржы жөніндегі Бас директордың орынбасары
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті үміткер! Біз сізді «QazaqGaz» ЖШС-нің жұмысқа қабылдау процесінде көруге қуаныштымыз.
Біздің компанияға көрсеткен қызығушылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер үшін кәсіби өсуге қызықты мүмкіндіктер табасыз деп үміттенеміз және біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және осы процестің әр кезеңінде сізге көмектесуге дайынбыз. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз. Сіздермен кездесуді асыға күтеміз және сіздер үшін кәсіби отбасы табасыз деп үміттенеміз!
Міндеттері:
- ЖШС-нің қаржылық саясатын анықтау, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру, ЖШС-нің стратегиялық мақсаттары мен даму перспективаларын ескере отырып, қаржыны басқару жұмыстарын басқару;
- Болашақ және ағымдағы қаржылық жоспарлар мен ақша қаражаттарының бюджеттерін әзірлеуді басқару, бекітілген бюджет жүйесінің көрсеткіштерін және одан туындайтын тапсырмаларды, лимиттер мен нормаларды ЖШС бөлімшелеріне жеткізу, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау, оларды минимумға дейін азайту шараларын әзірлеу, қаржылық тәртіптің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын, кірістердің түсуін, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен, кредиттік ұйымдармен қаржылық-шаруашылық операцияларын рәсімдеу тәртібін, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет операцияларын бақылауды қамтамасыз ету;
- ЖШС-нің салық саясатын қалыптастыру, салықтық жоспарлау және салық салуды оңтайландыру, есеп саясатын жетілдіру, бағалы қағаздарды шығару бойынша дайындық және өткізу, жобалардың инвестициялық тартымдылығын талдау және бағалау, қаражатты салудың мақсаттылығын, меншікті және қарыз капиталының арақатынасын реттеу жұмыстарын басқару;
- ЖШС-нің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету және пайдасын арттыру, қаржылық және инвестициялық жобалардың тиімділігі, активтердің рационалды құрылымын қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
- Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және басқарушылық есеп талаптарына сәйкес қаржыны басқару бойынша ақпараттық жүйені әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттың дұрыстығы мен құпиялылығын сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз ету;
- ЖШС-нің қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау және бағалау, қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу, сондай-ақ ішкі аудит жүргізу, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын өзара талаптарды қарастыру, оларды шешу шараларын қабылдау;
- кірістердің уақтылы түсуін, қаржылық-есептік және банктік операцияларды белгіленген мерзімде рәсімдеуді, жеткізушілер мен мердігерлердің шоттарын төлеуді, займдарды өтеуді, пайыздарды, жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақыны, салықтар мен алымдарды, бюджетке және зейнетақы жинақтау қорларына зейнетақы жарналарын, банктерге төлемдерді уақтылы аударуды қамтамасыз етеді;
- ұйымның шаруашылық қызметінің барлық учаскелерінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;
- ұйымның экономикалық көрсеткіштерін (өндіріс көлемі, еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайдасын арттыру) жақсарту бойынша шараларды әзірлеу және енгізу, экономикалық жұмыстың прогрессивті формалары мен әдістерін жүзеге асыруға қатысады;
- экономикалық қызметтің нәтижелері туралы есептіліктің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
- ЖШС-нің қаржылық бөлімшелерінің қызметін басқару, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру, ЖШС қызметкерлеріне қаржылық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім (экономика немесе қаржы);
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
- Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
- ЖШС-да және/немесе (мұнай-газ саласында) ұйымдарда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
- Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау саласында CIMA 1 және 2 халықаралық сертификатының болуы.
Шарттар:
- Әлеуметтік пакет.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп
Ұқсас вакансиялар
Инженер по охране труда и технике безопасности (сектор аутстаффинг)
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Тараз қ.
21.04.2026 | 1448
Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор (аутстаффинг)
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
20.04.2026 | 1290
Экономика және тарифты құру бөлімінің бас маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
16.04.2026 | 1395