"ҚТЖ "ҰК" АҚ- "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Ақтөбе өңірлік қызмет көрсету орталығы бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Актобе қаласының өңірлік қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі ӨҚКО) жұмысты ұйымдастырады және жалпы басшылығын жүзеге асырады; бағынышты қызметкерлердің қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша коммуникацияны қамтамасыз етеді, өнімді жұмыс климатының қалыптасуын қадағалайды, қойылған міндеттер мен мақсаттардың орындалу сапасы мен нәтижелілігін бағалайды.
- бухгалтерлік есеп регистрлерінде құрылымдық бөлімшелер ұсынған бастапқыы құжаттардың уақтылы көрсетілуіне бақылау жүргізеді.
- Тауарларды өткізуге, көрсетілген жұмыстар мен қызметтерге қатысты бастапқы құжаттарды қабылдау мен көрсетуді ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады (шарттар,орындалған жұмыстар актілері,қабылдау-беру актілері) бухгалтерлік есептің автоматтандырылған SAP RWP жүйесінде.
- Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысына байланысты бастапқы құжаттарды қабылдау мен көрсетуді уйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады бухгалтерлік есептің автоматтандырылған SAP RWP жүйесінде;
- Қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау және бақылауды жүзеге асырады бухгалтерлік есептің автоматтандырылған SAP RWP жүйесінде (қорларды босату жөніндегі жүкқұжат, талаптар, ішкі ауыстыруға арналған жүкқұжаттар, тауарларды қабылдау актілері, шот фактура, есемтен шығару актілері және т.б.)
- Қызмет көрсетілетін филиалдар бойынша тоқсандық, жылдық ішкі топтық есеп беру нысандарын дұрыс және уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасынан бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылайды, тексерулер барысында анықталған, сондай-ақ қызмет көрсетілетін филиалдардағы ішкі салық тексерістерінде анықталған бұзушылықтарды жоюға басшылық жасайды;
- Қаржылық есептіліктің ішкі топтық нысандарын қалыптастыруды және оларды тұрақты сақталу мерзімі бар мұрағатқа тапсыру үшін бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит; Қаржы, Экономика.
- Жұмыс тәжірибесі: Тиісті салада: кемінде 5 жыл; Басшылық қызметте: кемінде 3 жыл
Қосымша талаптар:
- кәсіби бухгалтер сертификатының болуы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар