"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Павлодар ст. материалдық базасының инженері - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"

380 355 - 397 439
Павлодарская база материально-технического снабжения Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
96

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Материалдар тобын жүргізеді: ағаш материалдары, құрылыс материалдары, құрал-саймандар, бу-су және бекіту арматурасы, газбен дәнекерлеу жабдығы, қосалқы бөлшектер, лак-бояу өнімдері, жолдың үстіңгі құрылыс материалдары, химикаттар, асбоцемент бұйымдары, қара металдар прокаты, прекурсорлар.
2. Дирекциядан орындауға ұсынылған шарттар талаптарының орындалуына бақылау жүргізеді.
3.Дирекция шарттары бойынша тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау актілерінің тізілімін жасау (күн сайын).
4. ТМҚ қалдықтарының тізбесі бойынша жедел ақпаратты апта сайын Дирекцияға (ЦЖСМБ) ұсыну. 
5. Бекітілген топ бойынша шоттарды ұсынудың дұрыстығын тұрақты бақылайды, келіп түскен материалдардың сапасына, санына бақылау жүргізеді.
6. Материалдарды дұрыс қабылдау және босату үшін жауап береді, жетіспеген жағдайда наразылық актісін жасайды.
7. Материалдарды түгендеуге, бағалауға және есептен шығаруға қатысады, өтімсіз өндірістік қордың пайда болу себептерін зерделейді, оларды сату бойынша шаралар қабылдайды.
8. Тауар-материалдық құндылықтарды түсіру кестесін жасайды, оның орындалуына бақылау жүргізеді.
9. Өндірістік және әкімшілік мақсаттағы шикізат пен материалдар шығысының бекітілген нормаларына сәйкес өндірістік мұқтаждыққа арналған материалдардың жылдық шығысын есептеуді әзірлеу.
10.SAP, Excel жүйесіне енгізе отырып, базаның ағымдағы мазмұны бойынша тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын құрастыру.
11.
Жеткізу бойынша орталықтандырылған және өңірлік  шарттарға сәйкес жеткізу тапсырысын іздеу; Жүйеде "сапаны бақылауда" мәртебесінен "еркін қор" мәртебесіне ауыстыру; Өз қоймасы бойынша қордың қозғалысы жөніндегі есептемелерді құрастыру және қарау, оның ішінде басып шығару;
 Жергілікті шарттар бойынша жеткізуге тапсырыс жасау, оның ішінде жауапты сақтау (ТМҚ); РУ бойынша жеткізуге тапсырысты ресімдеу (экономист қызметтері бойынша).

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы:  Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Құрылыс (темір жол құрылыс, жол және жол шаруашылығы) 
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талаптар қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр