"Жолаушылар тасымалы"АҚ бухгалтерлік есеп департаментінің салық есебі және аудит жөніндегі бас менеджері (17 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғамның, еншілес ұйымның салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін жақсартуға бағытталған әдістеме мен түсіндіру материалдарын әзірлеу жөніндегі материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
- салық төлеушінің кабинетіне және ҚР ҚМ СҚҚБ салық органдарына салық есептілігі нысандарын белгіленген мерзімдерде ТНК ұсыну жолымен Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып оларды жасау қағидаларын сақтай отырып уақытылы ұсыну жұмысын ұйымдастырады;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы төленуіне, декларациялар жасауға, тұтастай заңды тұлға бойынша төленетін салық төлемдерін (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және төлемдердің басқа да түрлері)талдауға ҚР ҚМ Салық төлеушінің кабинеті және СОНО жүйесінде жұмыс жүргізеді;
- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің серверіне салықтар бөлінісінде қоғамның дербес шоттарына тарату жүргізу туралы хабарлама ала отырып ТНК жеткізу жұмысын жүргізеді;
- жергілікті салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуіне және төленуіне мониторинг жүргізеді;
- жергілікті бюджетке Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары есептейтін салықтардың мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді;
- алдағы кезеңдерге арналған салық бюджетін әзірлеуге қатысады;
- бюджетке салықтар және басқа да міндеттемелер бойынша бюджеттің атқарылуына жұмысты ұйымдастырады;
- салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жедел деректердің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы; Экономика
- Жұмыс өтілі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр