Цифрлық қызметтер департаментінің жобалар жетекшісі

«Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
65

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • цифрлық таңбалау және тауарларды бақылау саласындағы жобаларды жүзеге асыру шеңберінде барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру (ИСПТ, НКТ және т.б.);
  • сала нарығын, тауар айналымының қатысушыларының бизнес-процестерін талдау және олардың цифрлық шешімдерді енгізуге дайындығын бағалау;
  • жол карталарын, әдістемелік ұсынымдарды, техникалық құжаттаманы және басқа жобалық материалдарды әзірлеу, келісу және орындауды бақылау;
  • жобалар қатысушыларының тізімін қалыптастыру, олардың дайындығын координациялау, жеке жоспарлардың жүзеге асырылуын қолдау;
  • жобалардың жүзеге асырылу барысын мониторингтеу, негізгі кезеңдердің орындалуын бақылау, қатысушыларға кеңес беру;
  • цифрлық бастамаларда басқарудың икемді тәсілдерін (Agile,Scrum, SAFe) қолдану; 
  • Product Discovery, Delivery және цифрлық қызметтерді тұрақты оңтайландыруды жүзеге асыру;
  • жобаны басқару стандарттары мен әдістемелерін қолдана отырып жүзеге асыру; 
  • Товариществе міндетті түрде қолданылатын жобалық басқару құралдарын (MSP және т.б.); 
  • цифрлық қызметтердің тиімділігінің негізгі метрикаларын әзірлеу және мониторингтеу;
  • бизнес-талаптарды және техникалық тапсырмаларды әзірлеу;
  • жұмыс кездесулерін, келіссөздерді, оқу іс-шараларын (вебинарлар, семинарлар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу;
  • қаржылық-экономикалық модельдерді әзірлеу және келісу, есептілік үшін аналитикалық материалдарды дайындау және реттеуші органдарға ұсыну;
  • нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • цифрлық платформаларды (ИСПТ, НКТ және т.б.) нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету;
  • жобаның тәуекелдерін басқару: тәуекелдерді анықтау, талдау, минимизациялау шараларын әзірлеу және жүзеге асыру, есептілікті дайындау;

Талаптар:

  • Жоғары (экономикалық/ техникалық/заңгерлік/ гуманитарлық) білім.
  • Жобаны басқару бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, сәйкес курстардан өткендігі туралы сертификаттың болуы артықшылық.
  • Білімдер мен дағдылар:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы қажетті салаларда;
  • жобалық басқарудың негіздері және Agile/Scrum әдістемелері;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасы;
  • мемлекеттік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияларды қорғауға қатысты нормативтік актілер;
  • жобалық және өнімді басқару тәсілдері, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезеңдері;
  • цифрлық шешімдерді әзірлеудің заманауи тәсілдерін білу (Agile, Design Thinking, Product Management)
  • тапсырмаларды қою, бэклогты приоритизациялау және әзірлеу нәтижелерін қабылдау.
  • бизнес-жоспарларды әзірлеу дағдылары: бастамаларды құрылымдау, құн ұсынысын сипаттау, нарықты және тәуекелдерді бағалау;
  • қаржылық модельдерді құрастыру дағдылары: кірістер мен шығыстарды болжау, unit-экономиканы есептеу, жобалардың рентабельдігін және тиімділігін талдау;
  • қаржылық-экономикалық талдау және инвестициялық шешімдерді негіздеу дағдылары;
  • коммуникация, жеке қарым-қатынас дағдылары;
  • басқару шешімдерін жедел жүзеге асыру, іскерлік келіссөздер жүргізу, талдау және болжау, іскерлік хат дайындау дағдылары;
  • жұмыс уақытын тиімді жоспарлау, ақпаратты жүйелеу, қызметтік құжаттармен жұмыс істеу, жаңа жағдайға бейімделу және қойылған міндеттерді шешуде жаңа тәсілдерді енгізу дағдылары;
  • лидерлік дағдылар, өз қызметін тиімді ұйымдастыру және координациялау қабілеті.
  • цифрлық платформалармен және ІТ өнімдерімен жұмыс дағдылары;
  • бизнес міндеттерін техникалық талаптарға аудару қабілеті.
  • ІТ командаларымен өзара әрекеттесу дағдылары.
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету: осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар, құралдар (Microsoft Office, ЭДО Lotus Notes, Miro, Jira, жобалық басқару құралдары, өнімдерді басқару құралдары.

Шарттар:

  • Еңбек шартын ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жасау
  • Жұмыс режимі 5/2