Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
347

   Конкурс туралы

Міндеттері

ЭҚБД-ның негізгі міндеттері:

  1. Кәсiпорынның қаржы-экономикалық қызметiне оның барлық бағыттары бойынша, оның iшiнде экономикалық жоспарлау және баға белгiлеу, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтер мен орындалатын жұмыстардың тарифтерiн айқындау мәселелерi бойынша басшылықты жүзеге асыру.
  2. Қаржы шарттарын жасасу және сүйемелдеу кезінде әдістемелік басшылықты, шарттық қызметті үйлестіруді қамтамасыз ету.
  3. Мүлікті басқаруды және күрделі салымдарды, материалдық, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асыру.
  4. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді және жедел қаржы жоспарларын уақтылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  5. Перспективалық техникалық-экономикалық жоспарлауды жетілдіру бойынша тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жай-күйін талдауды жүзеге асыру.
  6. Филиалдың даму жоспарын қалыптастыруға бақылауды жүзеге асыру.
  7. Бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.
  8. Басқарудың қолданыстағы құрылымдарын талдау және Филиалдың басқару құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.
  9. Филиалдың штаттық кестесін әзірлеуді және оған өзгерістерді, штаттық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
  10. Филиал қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемаларын әзірлеуге басшылық жасау.
  11. Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелерін, материалдық ынталандыру әдістері мен жүйелерін, қолданылатын әлеуметтік кепілдіктерді, жеңілдіктер мен өтемақыларды қолдану тиімділігіне талдау жүргізу, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.
  12. Жалақы қоры қаражатының жұмсалу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.
  13. Еңбекті ұйымдастыру және басқару, жалақы мен материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
  14. Капитал салымдарының инвестициялық жоспарын іске асырудағы жұмысты бақылау.
  15. Кәсіпорынның бағынысты бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру.
  16. Кәсіпорынның бағынысты бөлімшелерінің персоналын даярлау және біліктілігін қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
  17. Филиалдың тәуекелдер жөніндегі жауапты тұлғасына іске асырылған тәуекелдер бойынша ақпаратты дереу ұсыну.
  18. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.

Талаптар:

Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор лауазымына жоғары экономикалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл бар тұлға тағайындалады.

Шарттары:

Қалыпты