"Жолаушылар тасымалы" АҚ сату және клиенттермен жұмыс департаментінің сату технологиялары бойынша бас менеджері (18 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АҚ «Пассажирские перевозки» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Функционалдық бағыттағы жұмыскерлер арасында жоспарлау және бөлу жолымен сату технологиялары бойынша функционалдық бағыттың жұмысына басшылықты жүзеге асырады, орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • қоғамның билет кассалары жұмысының технологиялық процестерін жетілдіру (жаңғырту) және автоматтандыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • жолаушыларды тасымалдауға байланысты бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған ат жобаларын әзірлеуге, енгізуге қатысады (билет кассалары мен сайт арқылы жол жүру құжаттарын ресімдеу, жолаушыны пойызға отырғызу және т. б.);
  • қоғамның т/ж билет кассалары, электрондық ресурстар және Жолсеріктің мобильді терминалдары арқылы Қоғамның помпаниялары тобының және жеке жолаушылар тасымалдаушыларының жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын сату процесін ұйымдастыру үшін ұсыныстарды іске асыруға қатысады;
  • билеттерді қайта сатумен байланысты құқыққа қайшы әрекеттердің бар-жоғын зерделейді және нарық мониторингін жүзеге асырады;
  • жол жүру құжаттарын (билеттерді)сату кезінде жолаушыларға қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • "Экспресс" АБЖ, "Мобиус" ФКС, веб-порталдар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу технологиясын сақтау бойынша мониторингті жүзеге асырады;
  • филиалдардағы" Экспресс " АБЖ секторларының жұмысын үйлестіреді және талдайды;
  • қоғамның билет кассаларының үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;
  • Департамент құзыреті шегінде техникалық шарттар мен өзге де нормативтерді қарайды және келіседі;
  • жол жүру құжаттарын (билеттерін)сатуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бұйрықтардың, өкімдердің және басқа да құжаттардың іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асырады;
  • барлық қатынастарда жолаушыларды тасымалдау қағидаларына және электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерін)ресімдеу тәртібіне қатысты семинарлар, құрылымдық бөлімшелермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады;
  • веб-ресурстар, өзіне-өзі қызмет көрсету төлем терминалдары, оның ішінде жеңілдікті билеттер арқылы жол жүру құжаттарын ресімдеуге байланысты мәселелер бойынша жолаушылар мен азаматтардың келіп түскен өтініштерін қарауды үйлестіреді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Есеп және аудит; Қаржы; Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Құқықтану
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы