Инженер (бұзбайтын бақылау) Техникалық диагностика және бақылау зертханасы Атырау мұнай құбыры басқармасы АҚ "ҚазТрансОйл"

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
454

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • § дәнекерлеу қосылыстарының сапасы мен технологиялық жабдықтың (трубопроводтар, резервуарлар, насос жабдықтары, мұнайды қыздыру пештері, клапан арматурасы, металл конструкциялар және басқа жабдықтар) металдың жағдайы бойынша бақылау және қорытындылар, актілер беру;

    § жұмыс істеп тұрған магистральдық және технологиялық трубопроводтарда қосымша дефектоскопиялық бақылауды уақтылы жүргізу және жұмыс орнына актіні беру;

    § магистральдық мұнай насосының валдары мен корпустары, электродвигатель роторларының дефектоскопиялық бақылауын жүргізу;

    § дефектоскопиялық жұмыстарды жүргізу үшін учаскеге қажетті құжаттаманы, рұқсат қағазын, жабдықты, құралдарды және материалдарды қамтамасыз ету;

    § жұмысшыларға нормаланған тапсырмаларды беру және жұмыстардың сапалы орындалуын бақылау;

    § апта, ай және жылдық жоспарларды, учаскенің өндірістік қызметін әзірлеуге қатысу, жұмыстардың түрі мен орындалу мерзімдерін көрсету, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуы туралы есептерді ұсыну;

    § рұқсат құжаттарын уақтылы рәсімдеу, ионизирленген сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық картаны толтыру және термолюминесцентті дозиметрлерді (әрі қарай – ТЛД) пайдалана отырып, персоналдың жеке сәулелену дозаларын тұрақты бақылау және есепке алу;

    § мемлекеттік міндетті тексеру талаптары қойылған өлшеу құралдарын, автоматты бақылау, реттеу және құрылымдар мен жабдықтардың жұмысын басқару құралдарын калибрлеу және тексеру үшін белгіленген мерзімдерде ұсыну;

    § трубопроводтар, резервуарлар, насос жабдықтары, қыздыру пештері, клапан арматурасы, металл конструкциялар және басқа жабдықтар бойынша дефектоскопияға қатысты техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау;

    § өндіруші зауыттармен белгіленген дефектоскопиялық жабдықты техникалық пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау;

    § тікелей басшы мен Басқарманың ішкі құжаттары жүктеген басқа міндеттерді орындау.

    § қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы жұмысшылардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайларда жұмысты тоқтату;

    § алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болатын жұмысшыларды жұмысқа жібермеу;

  • жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

    2) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

    3) уақытында шешім қабылдау және жүзеге асыру, тапсырмаларды орындау, талдау және болжау;

    4) әріптестермен ынтымақтастық;

    5) келіссөздер жүргізу;

    6) есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану;

    7) бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу үшін қажетті білімдерді меңгеру.

    8) жылдам үйрену және үлкен ақпарат көлемін оңай қабылдау қабілеті.

Талаптар:

  • жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, сәйкес мамандық бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
  • Неразрушающий контроль бойынша біліктілік куәлігі:

    1. Көрнекі-өлшемдік бақылау (КӨБ);

    2. Магнитті ұнтақтық бақылау (МҰБ);

    3. Капиллярлық бақылау (КБ);

    4. Ультрадыбыстық бақылау (УДБ);

    5. Рентген бақылау (РБ).

Жағдайлар:

  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа