"Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС Тобыл станциясындағы атқыштар командасының аусым тобының аға күзетшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Номенклатуралық жүктерді, сондай-ақ жүк жөнелтушілермен (жүк алушылармен) жасалған шарттар бойынша күзетілетін жүктерді станция парктерінде және пойыздардың қозғалыс жолында қызмет көрсетілетін учаскеде және ілесіп жүру учаскелерінде коммерциялық қабылдау мен күзету жөніндегі кезекші ауысым тобының жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау:
а) пойызды жол бойында күзетшілердің ілесіп жүру тәртібін корпоративтік ұялы байланыс арқылы жөнелту станциясынан тағайындалған станцияға дейін әрбір 2 сағат сайын бақылау;
б) пойыз бөлімшенің орналасу орындарынан тыс жерде қалдырылған жағдайда, корпоративтік ұялы байланыс арқылы жеке өзі немесе күзетшілер (көмекшілер) арқылы локомотивсіз қалдырылған пойыздарды күзету бойынша лауазымдық міндеттердің орындалу тәртібін бақылау. Түнгі уақытта әр сағат сайын, ал күндізгі уақытта әрбір 2 сағат сайын күзетшінің қызмет атқаруын бақылау;
в) бөлімшелердің орналасу орындарында пойыз физикалық ілесусіз станциядан жөнелтілген кезде, жөнелту станциясынан тағайындалған станцияға дейінгі бүкіл маршрут бойынша аралық желілік станциялардың кезекшілері арқылы байланыс жасап, пойыздың қызмет көрсетілетін учаске бойынша өтуін бақылауды қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Образование: высшее (или
послевузовское) - Специальность в сфере: Транспорт, транспортная техника и технологии (вагоны и вагонное хозяйство); Организация перевозок и управление движением на железнодорожном транспорте; (железнодорожный транспорт); Локомотив и Локомотивное хозяйство; Юриспруденция; Международное право; Военное дело и безопасность; Правоохранительная деятельность; Правоведение; Военное управление; Эксплуатация, ремонт и техническое обслуживание подвижного состава железных дорог (по видам); Электротехника (Радиотехника, электроника и телекоммуникации); Автоматизация и управление; Информационные системы
- Опыт работы: не менее 1 года в службе по организации охранной деятельности на железнодорожном транспорте (помощником либо охранником)
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру