Өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің жетекші инженері (Эколог) (Алматы қ.)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Алматы қ.Филиалда қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады; қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды ресімдеуді жүзеге асырады, өндірістік объектілерді пайдалану кезеңіне өтінім материалдарын дайындайды (қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды және elicense.kz сайтында рұқсат алу үшін өтінімді қалыптастырады ); қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша есептіліктің, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының, ҚОҚ бойынша статистикалық және басқа да есептердің белгіленген нысандарын уақтылы ұсынуды жүзеге асырады; Экологиялық құжаттаманы (РЕШН, РЕТН жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, парниктік газдарды түгендеу) әзірлеу кезінде бастапқы ақпаратты дайындау және жинауды жүзеге асырады; келесі жылға арналған бюджеттік бағдарламаны әзірлеуді, бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; ластаушы заттардың шығарындыларын, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы сомасын есептеуді, нақты эмиссияларды есепке алуды, талдауды жүргізуді, сондай-ақ белгіленген нормативтерді бақылауды жүзеге асырады; Филиалдың экологиялық аспектілерін сәйкестендіруді жүзеге асырады, БМЖ жұмыс істеуі шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бағдарлама жасауға қатысады; Қоршаған ортаны басқару жүйесі (ҚОБЖ) саласындағы Қоғамның саясаты мен мақсаттарын іске асыру жөніндегі Филиалда және бөлімшеде іс-шаралардың орындалуын әзірлейді және ұйымдастырады; ҚОБЖ саласындағы сәйкессіздіктердің себептерін анықтайды, түзету және алдын алу іс-әрекеттерінің әзірленуін бақылайды; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы белгіленген есептілікті жасайды; қоршаған ортаны қорғау саласында шарттар жасасу үшін техникалық сипаттама дайындауды жүзеге асырады; өндірістік бақылау комиссиясының, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау комиссиясының жұмысына қатысады; тікелей басшының, Филиал және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша бұйрықтардың, шешімдердің, өкімдердің, қызметтік жазбалардың, әдістемелік және ақпараттық құжаттардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді; қоршаған ортаны қорғау бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және басқа да есептерді қалыптастырады, тексерулер туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша және бекітілген нысандарға сәйкес белгіленген мерзімдерде есептерді, сондай-ақ Қоғамның ӨБ, Е және ҚОҚ департаментіне ұсынады.
Талаптары:
Білімі: тиісті мамандығы бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл.
Ұқсас вакансиялар