Сатып алу басқармасы жетекші маманы

«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
59

   Конкурс туралы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Міндеттері:

  • SAP S/4HANA жүйесінде құрылымдық бөлімшелердің өтінімдерін қарастыру (ішкі бөлініс бойынша) (енгізілген сипаттамалардың, мерзімдердің дұрыстығын тексеру), ұсынылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша маркетингтік талдау жүргізу, SAP S/4HANA жүйесінде сатып алу жоспарына түзетулер енгізу;
  • Сатып алуды бастау (құрылымдық бөлімшелермен техникалық сипаттаманы дайындау және өңдеу);
  • Сатып алуды ұйымдастыру және әкімшілендіру (ашық тендер тәсілімен сатып алу хабарландыруларын, бағалық ұсыныстарды сұрау және бір көзден сатып алу шешімдерін дайындау, сатып алу хаттамаларын рәсімдеу);
  • Сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Сатып алу саласындағы анықтамалар, хаттар, презентациялар және басқа материалдарды дайындау, жеткізушілермен келісімшарттар бойынша төлем талаптарын тексеру.
Талаптар:
  • Жоғары, орта-арнайы білім (экономикалық, қаржылық, заңгерлік, техникалық білім (химия саласында артықшылық));
  • Мамандық бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі.

Білім мен дағдылар:

  • Маманға бекітілген материалдар, жабдықтар, конструкциялар, бөлшектер және т.б. бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүргізу;
  • Жұмыстар, қызметтер және тауарлар бойынша ұсынылған техникалық сипаттамаларды келісу жұмыстарын жүргізу (материалдар, жабдықтар, машиналар, өнімдер, запчастьтар, реагенттер, канцеляриялық тауарлар және т.б.);
  • Сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша жеткізу келісімдерін келісу жұмыстарын жүргізу;
  • Маманға бекітілген материалдар, жабдықтар, конструкциялар, бөлшектер және т.б. бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің құнын анықтау бойынша практикалық шараларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының сатып алу мәселелерін реттейтін заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;
  • Windows 7-ден төмен емес операциялық жүйені пайдалану, MS Office 365 (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Teams және т.б.) бағдарламалық өнімдерінің сенімді пайдаланушысы, SAP S/4HANA-да жұмыс істей білу артықшылық болып табылады.

Сапалар, құзыреттер:

  • Жауапкершілік;
  • Орындаушылық;
  • Коммуникабельділік;
  • Стресс төзімділік;
  • Командада жұмыс істей білу.