Маңғыстау стансасы ТҚКП автотежегіштер мен букстық торап жөніндегі нұсқаушы "ҚТЖ"ҰК" АҚ филиалы "Маңғыстау пайдалану вагон депосы" ВЧД-33
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
13.1 ПТО бастығы бекіткен айлық жұмыс жоспарын құрастырады.
13.2 Кейіннен сынақтар қабылдай отырып, техникалық сабақтар өткізеді.
13.3 Шаруашылық бойынша ҚҚБ (НБД) жағдайларының есебін жүргізеді және уақтылы тергелуін бақылайды, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
13.4 ПТО-да тежегіштерді жақсартумен айналысатын бригадалардың жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.
13.5 ПТО, ББ (КП) пункттерінде өтетін пойыздар мен өз құрамындағы пойыздардың автотежегіштерін, автотіркегішін және букса түйіндерін тексеру мен жөндеудің технологиялық процестерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
13.6 Вагондардың автотежегіштерін жақсарту айлығын өткізу кезеңінде жұмыстардың сапасына тұрақты бақылауды жүргізеді.
13.7 Пойыздардағы автотежегіштердің жұмысы бойынша жол жүру барысында машинистердің ескертулер кітабында тіркелген кемшіліктерді анықтауды және олардың алдын алу шараларын қабылдауды бақылайды.
13.8 Еңбек және технологиялық тәртіпті сақтауды, бұйрықтарды, нұсқауларды және жергілікті нұсқаулықтарды орындауды қадағалайды, себептер мен бұзушылықтарды жедел анықтайды және жояды, сондай-ақ өзінің уақытша учаскесіндегі ББ (КП) және ҚБ (ПБ) жұмысшыларының орындайтын жұмыстарының сапасын бақылайды және тексереді.
13.9 Айына бір рет бекітілген учаскенің барлық бекеттерінде ШЧ қызметкерлерімен бірлесіп техникалық жабдықтау (КТСМ) жұмысы мен олардың жай-күйін тексереді, сондай-ақ кейіннен сынақтар қабылдай отырып, техникалық сабақтар өткізеді.
13.10 «Қауіпсіздік бекеті» белгілерінің және төменгі габариттік планкалардың техникалық жай-күйі мен уақтылы жаңартылуын тексереді.
13.11 Барлық ББ (КП) пункттерін бақылау қауіпсіздік бекеттері және қауіпсіздік бекеттері туралы ережемен, плакаттармен, макеттермен және журналдармен қамтамасыз етеді.
13.12 Қызметкерлерді түскен жеделхаттармен және жоғары тұрған инстанциялардың бұйрықтарымен таныстырады. Машинистердің ескертулер кітабын үнемі қарап отырады және осындай жағдайлардың алдын алу үшін шараларды дереу қабылдайды, қажет болған жағдайда жеделхат жібереді.
13.13 ПТО бастығы, шебер, ББ (КП) аға қараушысының нұсқаушының ескертулер кітабында атап өтілген кемшіліктерді жою барысына тұрақты бақылауды жүргізеді.
13.14 Кепілдік учаскелер бойынша жүк және жолаушы пойыздарының қауіпсіз өтуі жөніндегі жұмысты талдайды.
13.15 Машинистер тарапынан пойыздарда автотежегіштерді басқарудың дұрыстығына және КТСМ аспаптарының көрсету дұрыстығына бақылауды жүзеге асыра отырып, тежегіш-сынақ вагонындағы пойыздарға қатысады.
13.16 ПТО-да автотежегіштерге, автотіркеу құрылғысына және букса түйініне қызмет көрсету мен жөндеудің, сондай-ақ вагондарды тасымалдауға дайындаудың технологиялық процестерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
13.17 Цех қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады және сұрақтар тізбесіне сәйкес автотежегіштер бойынша техникалық сабақтар өткізуге жеке қатысады, сондай-ақ ПТО-ның ОВС, ОВ және операторларының техникалық даярлығына жеке жауап береді.
13.18 Айлар бойынша бөлінген тоқсан сайынғы жеке жоспарды әзірлейді және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етедіБіліктілік талаптары:
• Білімі: жоғары немесе жоғарыдан кейінгі оқу• мамандығы: Көлік, Көлік техникасы және технологиясы (Вагоны и Вагоностроение)
• Еңбек өтілі кемінде 3 жыл пайдалану вагон депосында, оның ішінде вагон қараушы, вагон қарушы жөндеуші, бригадир ТОР да кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр