Болашақ стансасы ТҚКП вагон қараушы жөндеушісі

380 491 - 401 207
ВЧД-33 МАНГИСТАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа Болашақ а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
49

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

9.1 Жұмыс алдында мақсатты нұсқамадан өтуі, өз міндеттері шеңберіндегі бұйрықтар мен нұсқаулармен танысуы, құралдардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруі тиіс.

9.2 Алдыңғы ауысымнан құралдарды, жүк көтеру-тасымалдау құралдарын және құрылғыларды қабылдайды.

9.3 Сөрелердегі қосалқы бөлшектердің бар-жоғын және жолдар арасындағы жағдайды тексереді.

9.4 ОБС немесе ПТО операторы арқылы пойыздардың келуі мен жөнелтілу жоспарын алады.

9.5 Қызметтік міндеттерді орындау кезінде арнайы киімде болып, жарамды бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануы тиіс.

9.6 ПТО операторы мен ДСП-дан пойыздардың қозғалысы туралы ақпарат алады.

9.10 Пойызды келген кезде қарсы алады, локомотив бригадасынан жолда анықталған вагон ақаулары туралы ақпарат алады.

9.11 Құрамның соңғы вагонына қоршау сигналын орнатады және алып тастайды.

9.12 Вагон құрамдарын бөлшектердің толықтығына тексереді, жетіспейтін бөлшектерді толықтырады, анықталған ақауларды белгілеп, жөндеу жұмыстарын көрсетеді және оларды жояды.

9.13 Жөнелту алдында 5 сағаттан артық тұрған құрамдардың жүріс бөліктері мен буксалық тораптарын қайта өңдеуден өткізеді.

9.14 Ағытылуға жататын вагондар туралы ақпаратты ДСП-ға береді.

9.15 Транзиттік пойыздардағы вагондардың борттарын, есіктерін, люктерін және басқа тиеу құрылғыларын жабады.

9.16 Жөндеуге (ТОР) ағытылатын вагондарға ВУ-23 нысаны бойынша хабарлама береді. Техникалық қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ПТО операторы немесе ауысым басшысына құрамның дайын екені туралы хабарлайды.

9.17 Үлгілердің, өлшеу құралдарының және сигналдық жабдықтардың толықтығы мен жарамдылығын тексереді.

9.18 Вагон қараушы барлық ақауларды уақтылы анықтау және жою үшін, қозғалыс қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік көтереді.

9.19 Қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтайды.

9.20 Еңбек және технологиялық тәртіпті сақтайды.

9.21 Қозғалыс қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Біліктілік талаптары:

* Білімі: Орта білім және бекітілген багдарлама бойынша  арнайы дайярлық 
* Еңбек өтіліне талап қойылмаған.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру